» » Орал қаласы мектеп оқушылары арасында футзалдан "Ұлттық мектеп лигасының" финалдық ойындары өтті

Орал қаласы мектеп оқушылары арасында футзалдан "Ұлттық мектеп лигасының" финалдық ойындары өтті

Орал қаласы мектеп оқушылары арасында футзалдан "Ұлттық мектеп лигасының" финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі Орал қаласы білім бөліміне сілтеме жасап.
Финалдың нәтижесі бойынша ұлдар арасында 1-орын №44 мектеп, 2-орын №19 мектеп және 3-орынды №1 мектеп иеленді.
Қыздар арасындағы футбол ойындарында 1-орын №9 ЖОББМ, 2-орын №17 ЖОББМ, 3-орынды №46 ЖОББМ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом және сыйлақтарымен ардагер ұстаз, оқу ісінің үздігі Абдраxманов Ғұбаш Қабошұлы және қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.Нарымбаев пен қалалық дене-шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы А.Нурмуxамбетов табыстады.
Айта кету керек, биыл бастау алған лига аясында 8 мыңнан аса оқушыны спортқа тарту жоспарланған. Ал осы футбол жарысының өзіне 50 мектептен 2 мыңға тарта оқушы қамтылып отыр. Мектеп лигасы 6-14 қазан күндері мектепшілік кезеңімен басталып, мектептер арасында іріктеу болды. Іріктеуден өткен мектептер 14-26 қазан күндеріндегі қалалық кезеңде кездесті. Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар облыстық кезеңде ойын көрсететін болады.
30 қазан 2019 г. 3 087 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 824 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930