» » Мектеп оқушылары биржада сауда-саттық жүргізуге үйренеді

Мектеп оқушылары биржада сауда-саттық жүргізуге үйренеді

 Аталған бастама «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пәнді мектеп бағдарламасына енгізу аясында қолға алынады. 11-сынып оқушыларына виртуалды валюталар беріледі. Онымен құнды қағаздармен сауда-саттық жүргізуге болады. Қазіргі кезде ондай тәжірибе студенттер арасында кеңінен тараған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  «2008 жылы біз алғаш рет биржалық симуляторы шығардық. Соның арқасында студенттер алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыра алады. 9 жылдың ішінде 14,5 мыңға жуық адам осы жобаға қатысты. Біз оларға виртуалды ақшаны береміз. Студенттер сол ақшамен құнды қағаздарды өзара саудалайды, өзара жарысады, бәсекеге түседі. Рейтингте бірінші орынға шығуға тырысады. Бәрі интерактивті режимде жүреді. Басқа жоғары оқу орындарының студенттерімен жарысуға да болады. Соңғы екі жылда бизнес мектептер осы жүйеге қатысуға ниет танытып отыр. Енді, жаңа пәннің аясында біз мектеп оқушыларын да қосуға дайынбыз», - дейді KASE өкілі Евгений Мұxамеджанов. Жаңа пәннің оқу бағдарламасын даярлау тобының өкілі Ермек Дүйсенxановтың айтуынша, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» үйрету аясында мектеп оқушылары үшін онлайн және оффлайн ойындар даярланады. Соның бірі - 11-сынып оқушыларына арналған KASE-тің ойын симуляторы. Биржаның сауда-саттығына үшінші тоқсанда оқыту жоспарланып отыр. Айта кетейік, келесі жылдан бастап 10-11 сынып оқушылары үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты пән енгізіледі. «Атамекен» палатасы жаңа пән оқулығын бірлесіп әзірлеуге үндеді.


19 қыркүйек 2017 г. 2 248 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 092 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 833 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930