» » «Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

«Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция


«Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

 «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы және «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы 2020 жылдың 8-12 маусымы аралығында «Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтетіндігін хабарлайды.


Конференцияға баяндамалар мен ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдау онлайн түрде жүргізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі ресми сайтының «Ғылым» айдарында жарияланып отырады (2020 жылдың 8-12 маусымы аралығы).

Конференцияның жинағына Қазақстанның бүкіл облыстарының білім беру ұйымдарының педагог-мамандары, ізденуші жас ғалымдары мен зерттеушілері өз тәжірибелерін жібереді деп күтілуде.

Конференция аясында ұйымдастырушы комитеттің шешімімен «Үздік конференция баяндамашысы» номинациясы беріледі.

Конференцияны өткізу уақыты: 2020 жылдың 8-12 маусымы аралығы (онлайн түрде).

Ұйымдастырушы мекемелер: «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы, «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры.

Ақпараттық қолдау: «Alashinform.kz» қазақ ақпарат агенттігі, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігі.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты: Қазіргі отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, орта білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсету, саралау, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту тәжірибесімен кең бөлісу. 

Конференцияға баяндамалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Конференцияға баяндама және мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері qazaq.bilimi@mail.ru электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Беттердің форматы А4, шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1; оң жақтағы жоғарғы бұрышында ӘОЖ, 2 интервалдан кейін баяндама атауы бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады, 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан кейін, баяндама мәтіні азат жолдан; сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі (деректердің толық тізімі «Әдебиет» деген белгімен жұмыстың соңында беріледі); баяндама көлемі 5 бетке дейін.

Барлық сұрақтар бойынша «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының редакциясына хабарласуға болады

тел: 8-700-545-90-60.

09 маусым 2020 г. 36 365 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 761 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930