» » Ускенова Камила Мельдехановнаның жетістіктері

Ускенова Камила Мельдехановнаның жетістіктері

Ускенова Камила Мельдехановна 1964 жылы 30 мамыр айында Түркістан облысы, Сарыағаш  қаласында дүниеге келген. 1981 жылы мектепті бітірген.  Жезқазған қаласында  1982-1987жылы педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітірген.

Жамбыл облысы, Мерке ауданында 1987-1990жылдары аралығында  орыс тілі пәнінен мұғалім қызметін атқарған.

1990 жылы Сарыағаш қаласы Ысмайылов мектебінде ұстаздық қызметін жалғастырған.

1992 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап №7 «Гульжан» балабақшасының меңгеруші қызметін атқарған.

2000-2004жылы аралығында №19 А.Оразбаева мектебінің директор қызметін атқарған.

2008 жылы  бірінші шілдеден бастап жеке кәсіпкер болып 2009 жыл тамыз айынан ЖШС «Балшекер» балабақшасын ашқан. «Гульжан» б/б құрылтайшысы болып екі бақшаныңда жұмысын жүргізген.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие саласының дамуына өз үлесін қосты. Облыс бойынша балабақшалар ашу, балабақшалар жүйесін қалыптастыра отырып қыруар шараларды іске асырды.

 Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, творчествалық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – ұстаз қызметінің тағлымды өлшемі, ізденіс нәтижесі. Өйткені, қай ұстаз болсын шәкірттерінің жан дүниесін, психологиялық ерекшеліктерін терең зерделеу үстінде оқыту процесінің диалектикалық сипатын салауатпен саралауға, сөйтіп парасатты педагогика практикасын меңгеруге қол жеткізеді. Ұстаздық дарын үздіксіз ізденіс көрігінде шындалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғаланбақ, шәкірт санасында ұстаз қалдырған із ұзақ сақталмақ. Ускенова Камила Мельдехановна педагогтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, олимпиада жеңімпаздарын дайындауда басшылық қызметтің қай саласында болса да тоқтатып көрген емес.

•Ұстаздардың шығармашылығын айқындау, дамыту, жастарға үлгі ету мақсатында педагогтарды «Халықаралық ғылыми-практикалық конверенцияға» қатыстырып тәжірбиелерін арттырды

•«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік білім орталығының ұйымдастырылуымен  Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға педагогтарды  қатыстырды.

Марапаттар

 «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі

Аудан мәслихат және аудан әкімінің алғыс хаты

«Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттің марапат, төсбелгісі

Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал жинақшасына шықты

Bilimger Білім парталы атынан «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі

    мараппатталады.

Бақытын еңбектен таба білген ұстаз отбасылық өмірде де бақытты: ардақты ана, аяулы әже.

Әкесі Өскенов Мельдехан 1923жылы  Мактарал ауданы, Славянка ауылында туылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, Данқ орденінің игері, Ұлы Отан соғысының ардагері төсбелгісімен марапатталған.

Анасы Өскенова Рахима 1930жылы Сарыағаш ауданында туылған.

Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгінде мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық тұрғыда шыңдауда. Құрметті Ускенова Камила Мельдехановна деніңіз сау, еңбегіңіз елеулі, табысты болыңыз деп тілек білдіреміз. 


Автор:

Бақтыгүл Әліхожақызы

Тәлімгер тәрбиеші

Сарыағаш қаласы

07 желтоксан 2020 г. 38 920 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 945 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031