» » Халықты тонауды тоқтатыңыз, министр Сағадиев мырза!

Халықты тонауды тоқтатыңыз, министр Сағадиев мырза!

 Бүгін мектеп балаға қандай білім мен тәрбие берсе, елдің болашақ тағдыры сондай болары сөзсіз. Қазіргі мектептегі білімнің жағдайы елді қатты алаңдатып отыр.
 ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жасап жатқан білім реформасына халықтың көңілі мүлдем толмайды.
Ол туралы қарапайым халық түгілі, парламент депутаттары да бірнеше рет өз қарсы сауалдарын жолдады. Бірақ, сыннан шыққан нәтиже жоқ.
Жақында маған балалары дайындық сыныбында оқитын бірнеше ата-ана хабарласып, өздерін алаңдатқан жағдайларын айтқан еді.
Биыл дайындық сыныбына баратын оқушы 18 түрлі кітап оқиды екен. Ол кітаптардың бәрін ата-анасы сатып алуға мәжбүр. Мемлекеттен қаржы бөлінбейді.

18 түрлі кітаптың базардағы бағасы 30 мың теңге тұрады. Сөзіміз дәлелді болу үшін кітаптарды тізбектейік:
1. Сауат ашу негіздері (әліппе-дәптер) 1, 2 Алматы кітап
2. Қарапайым матемматикалық ұғымдарды қалыптастыру (әліппе-дәптер) 1, 2 2017 Алматы кітап
3. Сөйлеуді дамыту (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
4. Қоршаған ортамен таныстыру (әліппе-дәптер) 2017 Аламты кітап
5. Экология негіздері (әліппе дәптер) 2017 Аматы кітап
6. Өзін – өзі тану (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
7. Көркем әдебиет (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
8. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
9. Құрастыру (әліппе-дәптер) 2017 Аламты кітап
10. Мүсіндеу (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
11. Аппликация (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
12. Сурет салу (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
13. Музыка (Нато хрестоматиясы) 2017 Алматы кітап
14. Ағылшын (АВС copybook) 2017 Алматы кітап
15. Русский язык (Азбука – тетрадь) 1,2 2017 Алматы кітап
16. Жаратылыстану (әліппе-дәптер) 2017 Аламты кітап
17. Драма (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
18. Валеология негіздері (әліппе-дәптер) 2017 Алматы кітап
Бұл- 30 мың теңге тек кітаптардың ақшасы, ал оқушының портфель, қарындаш, дәптерлер, ермексаз т.б құрал-жабдықтарды қоссаңыз бұл ақша 40 мыңға жетеді. Биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала барды десек, келер жылы 400 мың бала мектепке барады екен. Сонда 400 000 х 30 000 = 12 000 000 000 теңге (12 миллиард теңге). Бұл өздері зорға күнелтіп отырған қарапайым халықтың қаржысы. Ата-ана бала үшін өмір сүреді, баласын қатарынан қалдырғысы келмейді. Сондықтан да кітаптарды алуға мәжбүр болады. Ал кітаптің сапасы нашар, сөгіліп жатыр, мазмұны өте қиын,салмағы 5 жасар балаға өте ауыр. Бірақ халықта басқа таңдау жоқ.
Халық 12 миллиард теңгесін тамағынан жырып «Алматы кітап» баспасының қожайынының қалтасына салуға мәжбүр. Бұл халықты ашық тонау деген сөз. Ел қазынасында қаражат жоқ дейін десең, жыл сайын Республикалық бюджеттен білім және ғылым министрлігіне тириллиондаған теңге бөлінеді. Бұл қаражат мағанасыз жұмсалуда. Жыл соңында білім министрлігі миллиардтаған ақшасын игере алмай кері қайтарады. Бұл жерде сыбайлас-жемқорлық жақсы жұмыс жасап тұрған болуы мүмкін? Біз, Ерлан Сағадиевтан халықтың 12 миллиард теңгесін қайтарып талап етеміз!

Құрметпен: Жәнібек Қожық, 
Маңғыстау облысы

Дереккөз:"Қамшы" порталы.
   


 












20 қыркүйек 2017 г. 27 879 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 728 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 342 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930