» » Инклюзивті білім: педагогтардың кәсіби құзіреттілігі

Инклюзивті білім: педагогтардың кәсіби құзіреттілігі

«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды,

 өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. 

Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».

(В. А. Сухомлинский)

 

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған.

Инклюзивті білім беру- дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында, тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балалармен білім беру мекемесінде түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді – дефектологтар, психологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары, медицина қызметкерлері, есітуге сурдопедагогтар, көруге ифлопедагогтар. Инклюзивті топпен жұмысты ұйымдастыру формалары тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік (2-3 баладан) жеке оқу іс-әрекетерін өткізу болып табылады. Балалармен оқу іс-әрекетін өткізудің оңтайлы ұзақтығы олардың жасына ғана емес жеке басының мүмкіндіктеріне (жұмысқа қабілеттілігіне, зейіннің тұрақтылығына, шаршағыштығына) байланысты болады. Мектепке дейінгі жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында анықталады. Дамуында кемістігі бар немесе жас нормасына лайық дамымаған тәрбиеленушілермен жаппай және топішілік іс-әрекеттерді күннің бірінші жартысында дефектолог мұғалімі жүргізеді.

Бұл кезде тәрбиеші қалыпты дамыған балалармен іс-әрекет жүргізеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы және музика жетекшілері қажет болған жағдайда ауытқушылығы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түрлі бағытта жұмыстар жүргізуге болады. Олардың шығармашылық, әр түрлі бағыттағы дарындылығын анықтау мақсатында суреттер байқауын ұйымдастыру, ойлау, есте сақтау деңгейлерін ескере отырып, интеллектуалдық ойындар жарыстар, балалардың ашылуына түрлі тренингтер, спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтың шеберлігінен туындауы мүмкін. Бала қоршаған ортаға бейімделіп, өзін еркін ұстауға, басқа балалардан ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керек.

Қорыта айтқанда, Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Қазіргі таңда әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім- барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын!


 Кушекова Қарлығаш Тойлыбайқызы

«№2 Балбөбек бөбекжай-бақша» тәрбиешісі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

31 наурыз 2023 г. 10 188 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930