Алматы облысында полицейлер үйінен қашқан 14 жасар қызды іздеп тапты

Оның туыстары өздері іздеп таппаған соң, 15 шілде күні Қарасай АІІБ-ге келіп, көмек сұраған. «Кәмелетке толмаған қыздың осынша уақыт бойы Талғар ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынғаны белгілі болды. Ол Алматыға жиі барып жүрген. Жедел іс-шаралар барысында Қарасай аудандық полиция қызметкерлері оны Алматыдағы түнгі клубтардың бірінен тапты. Қазір қыз аман-сау қалпы ата-анасына берілді», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі. Полицейлер жасөспірім қыздың ата-анасымен әр ұрысқан сайын үйінен қашып кететінін анықтады. Бұл жолы ол туыстарына үйіне қайтып оралмайтыны туралы хат жазып кеткен. «Қашып кеткен қыз бен оның ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өткізілді», - деп атап өтті полицияда.