» » Туған жерге тағзым!

Туған жерге тағзым!

Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

                    Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 

                    Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

 
Көрнекілігі: АҚТ,  слайд

1-Марина: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар! 

1 «Ә»  сыныбы мен 5«Ә» сынып оқушыларының «Туған жерге тағзым!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 

Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

2- Еркеназ: Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде , кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады.

1- Марина: Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған. 


Т- туған жерім сағынарым, бақыт-бірлік күн талабы

У- уайым, қайғы жоқ болсын, қуаныштар көп болсын

Ғ- ғажап-ау далам иісі жаңбылдан соң, кіршіксіз тазаланып жаңғырған соң

А- алға қарай жүретін

Н- намысты қолдан бермейтін

Ж- жалау етіп өрлікті

Е- ескек етіп ерлікті, есіп келе жатырмын

Р- рахат бесігінде жатқандаймын , шөліркеп зәмзәм суын татқандаймын

Г- гүл теремін жерімнен, бірге туған елімнен

Е- еркін ұшар қырандай қалықтайсың

Т- толықтырамын сенімін

А-  абыройын, жігерін

Ғ- ғажап-ау анам иісі, далам иісі – жанымды елжіретіп барады иісі 

З- заңды жақсы білетін

Ы- ынтымағы жарасқан

М – мызғымайтын елміз біз

Әнұран:

2- Еркеназ:    Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
Ән:  Тоқтан Марина, Қален Аружан  «Туған жер»

 

Жанелла:   Рахат бесігінде жатқандаймын, 

                    Шөліркеп зәмзәм суын татқандаймын

                    Өң – бойымды мақпалдай жұмсақ жуған,

                    Бір мөлдір терең суға батқандаймын.

                    Қарт анам сипағандай маңдайымнан,

                    Шарбат дәм кетпегендей таңдайымнан,

                    Қазіргі мынау менің жағдайымнан.

Зиятбек:   Қазақстан - туған өлкем.
                   Жер көппе сендей көркем.
                   Көрсін деп күллі әлемге
                   Жалауыңды желге желпем.

Әлия:        Туым биік, бағаналы ордам бар,

                   Тәуелсіздік тірегім бар, қорған бар,

                  Қайда барар бақ дегенде жар салар

                  Ынтымақты қалың елім - ормандар. 

 

Естай:     Ел дегенде,     

                  Өліп жатыр тірілер,

                  Елжандының бірі - сенсің, бірі – мен

                 Асқар тауы –

                 Айдын көлі түгілі, 

                 Айналайын ошақтағы күлінен...

Кәусар:    Уа, дариға алтын бесік,  туған жер, 

                 Қадіріңді білмей кетсем кеше гөр

                 Жаталмас ем,  топрағың да тебренбей,          

                 Ақын болмай, тасың болсам мен егер...

Бегімсұлу:  Ер еңбегі шалқып тасқан, 

                    Ел еңбегі, бақыт тапқан,

                    Неткен сұлу, неткен көркем

                   Осы менің, туған өлкем... 

1- Марина: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

Би: Өскенбай Жанелла  өзбек биі  

2- Еркеназ:    Көрініс: Қарылғаштың ұясы

1- Марина: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.

2- Еркеназ:    Ән:  Тоқтан Бегімсұлу  «Балалық шақ»

1- Марина:    Би:   Әдемі вй

2- Еркеназ:    Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1.  Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2.  Ел іші алтын бесік
3.  Жері байдың елі бай
4.  Елің – панаң, жерің - анаң
5.  Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6.  Өз елің - алтын бесігің
7.  Бақа көлінде патша.

    Балық сынада патша.

    Жігіт елінде патша.
8.  Туған жердің түтіні де тәтті.
9.  Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10.  Туған елдей ел болмас
      Туған жердей жер болмас. 

1- Марина:    Хор:   Елім менің

Осымен  «Туған жерге тағзым!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. 
















  

 

 

Жумадилова Дильноза Рамазанқызы, 

Түркістан облысы, Созақ  ауданы,  Созақ  ауылы, 

«Созақ» жалпы  орта мектеп – гимназиясының 

 бастауыш сынып  мұғалімі  


 

 

 

 

 

 

19 қаңтар 2019 г. 8 534 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 251 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031