» » Үй жануарлары мен оның төлдері

Үй жануарлары мен оның төлдері

 





Мақсаты: Балаларды үй жануарлары туралы білімдерін дамыту төлдерін ажырата білуге үйрету.

Билингуальды компониент: лошадь- жылқы, корова-сиыр, баран-қой.

Сөздік жұмыс: Жылқы,сиыр, қой, ешкі, төлдерімен суреттер.

 

Іс- әрекет сатылары 

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардыі іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Балалар жылулық шаттық шеңберін құрамыз.

  Бала бала баламыз,

  Бақшамызға барамыз.

  Күні бойы қызыққа

  Батамыз да қаламыз.

Ал балалар бүгінгі күніміз сәтті болсын болсын.Үй жануары деп біз үйде ұстайтын жануарларды айтамыз.Олар мыналар: қой, жылқы, сиыр, ешкі.

         «Жануарлар әні»

 Біздерде бар  құлыншақ,

 Бұзау,қозы, құлыншақ.

 Айтқан тілді тыңдайды,

  Әмір беріп бұйырса.

  Ал қозы мен құлыншақ,

  Ұйықта десең ұйықтайды,

   Тыңдамайды ұрыссаң.

   Осылары дұрыс па?

   Тентектігін қоймаса

   Тұрғызамын бұрышқа.

   Педагог балалардан  үйдегі жануарлар туралы көргендерін әңгімелеп сұрайды.Үйлерінде қандай үй жануарлары бар екенін.

Балалар өлеңге қуанушылық танытады.

Өлеңді тыңдайды.

Үй жануарларының суретін балаларға көрсету.

Балалар өлеңді ұйып тыңдайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар ,мына суретке қараңдар.Жайлауда малдар жайылып жүр.Мынау қандай жануар? Мынау -сиыр оның баласы,яғни төлі -бұзау.

Мынау – жылқы, оның төлі қозы.

Мынау ешкі оның төлі- лақ. Д/О « Қалай дыбысталады?.

Қой « мә-мә» деп маңырайды.Сиыр «мө- мө» деп маңырайды.Жылқы «иһо-иһо» деп кісінейді.Ешкі «бе-бе-бе» деп маңырайды.Балаларға дыбыстарымен айтқызу.

Балалар жылқының, сиырдың етін жейміз,сүтін ішеміз, жүнін тоқимыз, терісінен сырт киім, аяқ киім тігеміз.Олардың бізге пайдасы көп.

Сергіту жаттығуы.

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Томпиып түр бүйірің

Қай өрістен тойдың?

Ал енді балалар мына үй жануарымен төлдерімен атап қораға орналастырамыз.

Үй жануарлары үйдің жанында өздеріне арналған баспаналарында өмір сүреді.Олар:шөппен жеммен,сумен қоректенеді.

Ойын: Сурет бойынша орналастыру.

Шарты: бала жануар макетін суреттегі жануарға орналастыру.

Балалар суретке көңіл аударады.

Түсінуге тырысады

Рефлекстік -түзету

Қорытындылау: Балалар үйі жануары сиыр сияқты мөнірейік, қой сияқты маңырайық, жылқы сияқты кісінейік, ешкі сияқты маңырайық.

 Қол ұстасып тұрайық,

 Шеңберді біз құрайық.

 Көріскенше күн жақсы,

 Саусаламат болайық!

 Бүгін балалар жақсы  қатыстыңдар деп балаларды мадақтау.

Бірге қайталайды, дауыстарын салады..

Мө-мө-мө

Мә-мә-мә

Иһо-иһо

Бе-бе-бе

Күтілген нәтиже:

Нені білу керек:  Үй жануарларының аттарын білу.

Нені игереді: Үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Нені білді:  Төлдер туралы жалпы түсінік болды.
 


















Жокмарова Динара Раxатовна,

Жиделі орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен

мемлекеттік мекемесінің жанындағы

«Балбөбек» шағын орталығының

"Балдырған" тобының тәрбиешісі

Алматы облысы,

Балқаш ауданы,

Жиделі ауылы.





29 қаңтар 2019 г. 19 477 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 237 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031