» » 45 жыл ұстаз болсаңда 45 минуттық сабағыңа әзір бол

45 жыл ұстаз болсаңда 45 минуттық сабағыңа әзір бол

 

Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде негізгі орта және жалпы ортабілім деңгейлерінде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсында облыстың барлық аудандарынан және Шымкент қаласынан келген 29 ұстаз аға оқытушыТасқараева Қалбибі апайымыздың жетекшілік етуімен біліктілікті арттыру курсынан өттік.

Курс барысында педагогикалық өтілі 7 жыл мен 32 жыл аралығында білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздарымыз,   пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұны мен құрылымын білуге арналған сабақтар,   сергіту сәті,ұсыныстар мен өзара талдау,салыстыру,  топ-топқа бөлініп постер қорғау шаралары арқылы, өзара талдап,тұжырымды ойларды ортаға салдық. Өзара талдау мен салыстыруда «Критериалды бағалау»,«Қысқа мерзімді жоспар»,   «Спиральді білім беру бағдарламасы» т. б. ұстаздар жүрегінен жол таба білді.

«45 жыл ұстаз болсаңда 45 минуттық сабағыңа әзір бол!» деген қағиданың туралығы осы курстағы ұзақ уақыттан бері оқыту мен тәрбиелеуге көп үлес қосқан ұстаздарымыздыңжаңарту бағдарламасын оқуға,үйренуге деген талпынысынан көруге болады.«Асыл тастан, ақыл жастан» дегендей, білім беру бәсекелетігін одан әрі шыңдауға жас мамандар,   жастық жігер күшімен ерекшеленді. Курс барысында мұғалімдер тиімді оқытудыңтүйінді үш компоненті- білім беру бағдарламасы,   педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түсінудің маңызы болып табылатынына назар аудардық. Пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұны мен құрылымын,  бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдана білу жолдарын жан-жақты меңгеріп,   курстың мақсатына жетуіне үлес қостық.

Біліктілікті арттыру курсы барысында аға оқытушы Тасқараева Қалбибі мұғалімдерден күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға арналған жаттығулар барысында тыңдаушылармен жан-жақты жұмыстар жүргізіп,олардың идеяларын тыңдап, қорытындылады. Жан-жақты білімі мен биязы әрекетімен әрбір ұстаздардың жүрегіне жол таба білді.Сондықтан, курсты ұйымдастырған «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына және тренерімізге шексіз алғыс білдіреміз.


Курс тыңдаушысы: Шымкент қаласы 

БИЛ-1 география пәні мұғалімі 

Усипбаева Еркежан Нуржановна  


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
21 желтоксан 2019 г. 2 863 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 850 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 744 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930