» » Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?

Оқу мақсаты

6.2.4.3 картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау;

6.3.2.7 «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында)

Сабақ мақсаттары

  • Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтады;
  • Картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілейді;
  • Ұлы географиялық ашуларға негіз болған саяхатшыларды атайды;

Бағалау  критерийлері 

 

  • Картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілейді;
  • Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтайды;

Тарихи концепт (фокус)

Өзгеріс пен сабақтастық

Тілдік  мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, варварлар, алым-салық  

Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу, еуропалық отаршылдар, құлдар, «оқ-дәрі империялары»

Христофор Колумбтың ашуынан кейінгі алмасулар

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар
Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ...

Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ...

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым  пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына  адамдар ...

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

Құндылықтарды дарыту 

 

 

- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

Пәнаралық байланыстар

География (Ұлы географиялық ашулар)

АКТ қолдану дағдылары 

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім 

 

Оқушылар қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттары бойынша алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде  қарастырған  білімдерін қолдана алады. 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

Ресурстар

Сабақтың басы 

Ұйымдастыру кезеңі  

        6 мин

Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу. Сабақта жағымды ахуал қалыптастыру.

Бір, парталаспен қол алыс,

Екі,қарсыласқа қол бұлға .

Үш, қонақтарға жымиып, басымызды иейік,

Төрт, маған қарап күлімде.

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну.

1-топ Америка

2-топ Испания

 3-топ Португалия

4-топ Африка

                                  Үй жұмысын тест арқылы тексеру.

Тест жұмысы

1.         Шығыс пен батысты байланыстыратын жол :

А) «Үшбұрышты жол»

Б) «Ұлы Жібек жолы »

В) «Құс жолы »

Д) «Сара  жол »

2. Чжэн Хэнің теңіз флоты қай жақтарға жүзді.

А) Тынық, Үнді мұхиттарында жүзді.

В) Испания, Атланд  мұхиты .

С) Канар аралы , Атланд мұхиты

Д) Куба арлы, Үнді мұхиты.

3. Үндістанға  баратын теңіз жолын іздеуге белсене кіріскен елдер :

А) Англия, Франция

В) Африка, Америка

С) Испания , Португалия

Д) Түркия, Испания

4. Кеменің жүрген жерін анықтайтын  аспап:

А) Құбыланама

В) Астролябия

С) Флот

Д) Каравелла

5. Мыналардың   қайсысы Америка халықтары :

А) немістер

В) арабтар

С) ацтектер

«4 сурет, бір сөйлем» әдісі арқылы алдарыңда жатқан суреттерге қарап, бүгінгі тақырыбымызды ашайық.  


  • Не көріп тұрмыз?
  • Олар кімдер ?
  •  

Презентация

Қағаз қиындылары

сурет

Сабақтың ортасы  

32 мин

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі . Балалар, XV-XVI ғғ әлемді өзгерткен Ұлы географиялық ашулар кезеңі деп атайды. «зұлмат теңіз » арқылы Үндістанға жол ашу  бұрыннан  адамдардың  ойын дүрліктірген. Алыс жерлер туралы армандарын іске асыру үшін, европалықтар  теңіз саяхатына шығу үшін аз күш жұмсаған жоқ. Адамзат тарихында көптеген теңіз жолының ашылулары болды, алайда тек 15 ғ аяғы мен -16 ғ басындағы географиялық ашылулар ұлы деп аталды.

Қандай   сұрақ туындайды ?

  • Не себепті 16 ғ басындағы географиялық ашылулар тарихқа Ұлы деген атаумен енді?  
  • Сабақтың  мақсатымен  таныстыру.
  •  Тапсырма № 1. «Тарих пирамидасы» 

1 –ші бөлігіне , бүгінгі тақырып бойынша  1 кейіпкер есімі .

 2-ші бөлігіне, кейіпкерді сипаттайтын екі сөз. ( сырт келбеті, жасы, мінез-құлқы)

3-ші бөлігіне , іс – әрекет болған жерді сипаттайтын 3 сөз. (ел, жер,төңірек, қоғамдық орын )

4-ші  бөлігіне ,тарихи мәселені сипаттайтын 4 сөз. ( қандайда бір оқиға) 

5-ші бөлігіне, кейіпкердің  қол жеткізген жетістіктері немесе жаңалығы туралы 5 сөз. 

Дескриптор:

  • Бір  саяхатшының есімін анықтайды
  • Саяхатшыны сипаттайды
  • Саяхатшының  ашқан жерлерін анықтайды
  • Саяхатшымен байланысты бір оқиғаны сиапттайды.
  • Саяхатшының  жеткен жетістігін  айқындайды.

ҚБ  « Нысана» 

Тапсырма №2.  Контур картасына саяхатшылардың бағытын белгілеу.

 Христофор Колумб , Васко да Гама, Америго Веспуччи , Фернан Магеллан .

Дескриптор:

-           Картадан Кристофор Колумбтың жүзген аймағын анықтайды;

-           Картадан Америго Веспуччи жүзген аймағын анықтайды;

-           Картадан Васко да Гама жүзген аймағын анықтайды;

-           Картадан Фернан Магелланның жүзген аймағын анықтайды;

- өзгерістер туралы 4 қорытынды жасайды.

Сұрақ: Адамдардың Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінен  кейін жер туралы ұғымдары қалай өзгерді? 

ҚБ « Нысана»

Тапсырма № 3.  Ұлы  географиялық  ашулардың экономикалық, ғылыми-техникалық, діни себептерін схемаға орналастырыңдар. 

1.географиялық білімнің дамуы және сол саладағы жетістіктер.

2. Шығыста христиандықты  тарату.

3. Шығыс елдеріне  теңіз жолдары арқылы тікелей қарым –ақтынас орнату  қажеттілігі .

4. Кеме жасау саласындағы жетістіктер.

5. Алтынға деген сұраныс.

6. Католик шіркеуіне қолдау көрсету .

7. Саудаға бақылау орнату .

8 Техниканың дамуындағы жетістіктер.

9. Шығыс жақтағы  байлық туралы естулері және баюға құмарлық. 

1 -2 топ. экономикалық себептерін атайды

3 топ. ғылыми –техникалық себептерін

4  топ. Діни себептерін атайды.

 Дескриптор:

  •  еуропалық теңіз саяхатының себептерін дұрыс анықтайды
  • - еуропалық теңіз саяхаттарының себептерін олардың маңыздылығы бойынша дұрыс реттейді 
  •  еуропалық теңіз саяхатының басталуының ең маңызды себептерін анықтайды.
  • Терминдерді  анықтайды.

ҚБ « Нысана»

Сергіту  сәті.  Қара жәшік . 

 Мұғалім:  Назарларыңа , қара жәшік . Бұл жәшікте , Христофор Колумб  жаңа  әлемнен әкелген заттар бар. Ол не ?

Сыбыр сөз.

1

2

3




“эль оро бланко”  дан немесе ақ алтыннан жасалынған зат. Испания ханшайымына арнайы әкелінген, алайда ол оны бағаламады. Алайда, қазіргі ер балалар  оны құрметтейді.

Европа әйелдері  оны тек гүл шоғы ретінде жарамды деп ойлады , ал  І Петр оны Ресей үшін  екінші нан ретінде көрді.

Колумб оны «үнді дәні » деп атап, малға беретін жем ретінде атаса, ал біз оны киноға барғанда  қолданамыз .

Доп

Картоп

Жүгері

Тапсырма №4.

 1  топ. «Т» кестесі

«+ » жақсы жақтары

«-» теріс жақтары.

-           Материктер арасында байланыс орнады;

Еуропа елдері Американы отарлай бастады

  • 2 топ. Терминдерді анықта
  • 1. 15ғ ІІ жартысы -17ғ басында   Еуропада, әсіресе Испания мен  Португалияда кең таралған   желкенді кеме. Ұлы географиялық ашулар басталған кезеңдегі  алғашқы кеме түрлерінің бірі :
  • Жауап:
  • 2. Ендік пен бойлықты анықтауға арналған XVIII ғ. дейін пайдаланылған бұрыш өлшеуіш аспап:
  • Жауап:
  • 3. Жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап:
  • Жауап:
  • 4.Көп палубты желкенді кеме ,оны әскери , сауда жағдайында пайдаланған:
  • Жауап:  
  • 3 топ. Сәйкестендіру.

Христофор  Колумб


1492-1504жж

Америго Веспуччи

1499-1503 жж

Васко да Гама

1497-1498 жж

Фернан Магеллан

1519-1522 жж

4 топ. «ПОПС-формуласы » «Ұлы географиялық ашулардың маңыздылығы» тақырыбы  бойынша 

П - ПОЗИЦИЯ (біз  солай ойлаймыз…)

О – Түсіндіру.  (Себебі …)

П – Мысал  (біз мынадай аргументтер келтіре аламыз ...)

С – Қорытынды  (Сондықтан осындай қорытындыға келді …)

ҚБ «Нысана »

Үйге тапсырма. Ұлы саяхатшылар туралы  буклет   жасау.

Презентация

Контурлы карта

Маркерлер

Тақта, маркер

Қима қағаздар

 

Сабақтың соңы

2  мин

Рефлексия: Әр түсті жолақтағы сұрақтар: 

Маған сабақта ең ұнағаны... 

Мен үшін топта жұмыс жасау өте қызықты болды, себебі ...

Сабақ барысында тапсырманы орындауға маған ... көмектесті..

Осы сабақта бұрын алынған - ... туралы білімімді пайдаландым

Мен сыныпта алған білімдер мен дағдыларды өмірде осылайша қолданамын: ...

  •  
  •  

Қима қағаз

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


 

Автор:

Айжан Абселенова,

Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ-нің

Тарих пәні  мұғалімі

Шығыс Қазақстан  облысы

29 қыркүйек 2020 г. 11 009 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031