» » Адам. Адамның дене мүшелері

Адам. Адамның дене мүшелері

Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау
 























Оқу мақсаты:

1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Сабақ нәтижесі:

Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды;                                         Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасайды.Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.                                         Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Білім алушы  өзін-өзі бағалайды, жұптық бағалау, топтың бағалауы.

Ресурстар

Оқулық, дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;

үлкен көлемдегі ватман парағы..

видеороликтер, бағалау бетшесі.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, дене шынықтыру

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;

суреттердің көмегімен оларды атайды;

қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;

дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.

 Сабақтың жоспары

І.  Ұйымдастыру  /5мин/

 

1.Психологиялық  дайындық

Жаңа  ғасыр  ұланымыз,

Жақсы  оқу  ұранымыз.

2. Топқа бөлу

1 топ  «Бас»    

ІІ топ «Тұлға»    

ІІІ топ  «Қол»     

ІV топ «Аяқ»

  «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін топтан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Топтын атын қорғайд


Жаңа білім

/10мин/

 

Білу және түсіну

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындауды ұсынамын: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айналдыру, үстел үстінен кез келген затты алу. Қай дене бөліктері оны істей алады? Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өту керек.

 

Сергіту сәті

/2 мин/

«Қаңка биі» Оқушылар билеп сергіп алады.

Сабақты бекіту

/10мин/

Жинақтау

Зерттейік. 

Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы  қағаздан таратып беремін.

Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіремін. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қоюға болады.

Оқушылар әр суреттің жанына адамның дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмектесемін. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында  жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаймын.

Жауабы:

қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.

  

Бағалау /5мин/

Қосымша тапсырмалар

Дарынды және талантты балаларды анықтау 

Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келеді.

Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтыны не себепті? Сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын табады.

 

Рефлексия /3мин/

 


 















Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Бірлескен жұмыс

2: Зерттеу жұмысы

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы видеоролик көру

2: Деңгейлік тапсырмалар орындату

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жас ерекшіліктеріне қарай, білім алушының деңгейіне қарай тапсырмалар беруді көбірек жетілдіру керек деп ойлаймын.






    Қошманова Айшолпан Жадырасынқызы

Маңғыстау  облысы,

                                             Жаңаөзен қаласы

№ 15 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

                        










16 ақпан 2019 г. 9 788 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 213 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031