Әліппеге мың алғыс!
Көрнекілігі:Суреттер, слайдтар, мақал-мәтелдер,«Әліппе»,«Ана тілі», «Математика» оқулықтары т.б.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Негізгі бөлім.
Мұғалім:- Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! « Әліппеге мың алғыс!» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Балалардың орындауында: Қазақстан Республикасының әнұраны
Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.
Ғибрат А-әріпі
Толқыны өбіп жағаны,
Өзен баяу ағады.
Айдынында қалықтап
Аққу жүзіп барады.
Білесің бе араны?
Жолай көрме жанына –
жақындасаң шағады!
Асылжан Ә-әріпі
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыңды ашады.
Жетіп келсең жанына,
Тырағайлап қашады.
Ғибрат Б-әріпі
Жағалаудың көгі еді –
Мама қаздың жегені.
Балпаң - балпаң соңынан
Балапаны ереді.
Мейіржан Г-әріпі
Күн шуағын төккенде,
Жаңбыр сеуіп өткенде,
Қызыл - жасыл далада
Гүл тереміз көктемде.
Асылжан Ғ-әріпі
Ғарыш деген – көк аспан,
Ай, жұлдызы жарасқан.
Мен ғарышкер боламын –
Айға барып қонамын!
Мейіржан Д-әріпі
Дуадақ құс далада,
Жоламайды қалаға.
Дельфин жүзер теңізде,
Ол теңізбен егіз бе?!
Дамеля Е-әріпі
Нәр алатын жауыннан,
Қорықпайтын дауылдан
Емен деген ағаш бар
жапырағы жайылған.
Дамеля Ё-әріпі
Шам сөнді де қалды –
Үйді түнек жапты.
Монтёр келіп, шамды
Жарқ еткізіп жақты.
Дамир Ж-әріпі
Жалп - жалп ұшып ол кейде
Түнде адамды жасқайды.
Күндіз түк те көрмей ме –
Қалғып көзін ашпайды. (Жарқанат)
Дамир 3-әріпі
Зебр деген жануар
Жылқыға ұқсас күші оның.
Сала құлаш жалы бар,
Жолақ - жолақ түсі оның.
Риана И-әріпі
Самолетке ұқсаған
Инелікті ұстағам.
Қойсаң болды қамалап,
Ит үреді абалап.
Риана К-әріпі
Күн – әлемнің шырағы,
төгіледі шуағы.
Көбелектер қуанып,
бірін - бірі қуады.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше тақпақ айтқан әріптерімізді жазып көрсетейікші. Әр бала жазған әріптерін көрсетіп, дауысты-дауыссыз екенін ажыратады.
Мұғалім: Жазуларың неткен әдемі! Балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайықшы.
Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар!
- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Интерактивті тақтадан әліппе оқулығының суреті шығады.
Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар? Бұл қандай кітап? Бұл кітаптан нені үйрендіңдер?
Балалар: Әліппе кітабы. Біз әліппе кітабынан әріптерді үйрендік, оқуды, буынға бөліп айтуды үйрендік.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, ендеше тақтаға қарайықшы. Бұл кім екен?
Балалар: Алдар көсе
Мұғалім: Қанекей, Алдар көсенің қоржынын жинауға көмектесейікші. Балалар мынау қандай түсті қоржын?
Балалар: Қызыл
Мұғалім: Ал мынау қандай түсті қоржын екен?
Балалар: Көк
Мұғалім: Жарайсыңдар, менің акылды балаларым! Біз әліппе кітабынан дауысты, дауыссыз әріптер өттік. Олай болса, дауысты әріптерді қызыл қоржынға ал, дауыссыз әріптерді көк түсті қоржынға жинап берейік.
Балалар: Екі түсті қоржынға дауысты, дауыссыз әріптерді жинайды.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!
- Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші!
Балалар:
«А» деген ол — аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,
Мұғалім:Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да алшақ кетпей расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Мұғалім: Ал ендеше, балаларымыздың орындауында «әліппе» әні!
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ендеше тақтадағы суреттерге қарап, буынға бөліп айтайықшы!
Буынға бөлу ойыны: Сыз-ғыш, кі-тап, ә-теш, жү-ге-рі, жыл-қы, е-сік, жа-па-лақ, ба-лық-шы, те-ле-фон, ба-лық, піл, са-ғат, құ-лып, ма-ши-на, сә-біз, гүл, а-рыс-тан.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!
Қорытынды: Құрметті қонақтар, ата аналар, оқушылар, осымен бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты ашық сабағымыз аяқталды. Әрқашанда әріптерді әдемі, сауатты жазып, қазақ тілінде , ана тілімізде сөйлейік. Қазақстанымыздың үлкен,білімді ұл-қыздары болып жүре беріңдер! Кездескенше күн жақсы, сау- саламат болайық. Сау болыңдар балалар!
СУЛТАНКУЛОВА ГАУҺАР БАХЫТБЕКҚЫЗЫ
«АйЯ line» балабақшасының ересектер тобының тәрбиешісі
Алматы қаласы