«Л» дыбысын сөзде анық айтуға машықтандыру.«Л» дыбысын басқа буын, сөз, ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету.Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы: Мимикалық гимнастика 5 минут Тыныс алу жаттығулары | Оқушыны сабаққа дайындау.
Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай); Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз; «Жымию» «Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері»........... А – а - а У - у – у – у О - о – о – о И – и – и – и Арнайы құралдармен тілге жаттығулар жасау.
«Батбырауық ұшырамыз» (батбырауықтар түрлі түсті, оқушы түстерін өзі таңдайды). «Алақанымызды жылытамыз» (Бір деммен жылы ауаны үрлеу)
| Баламен сәлемдесу. |
Сабақтың ортасы 8 минут Бүгінгі сабағымыз ертегі түріне өтеді, ертегінің тақырыбы «Тиіннің туған күні» | Суреттер арқылы тапсырма: - Ненің суреті шықты. - Ұлу. - Және бүгін тиіннің туған күні. - Ұлу тиынның туған күніне достары мен барғысы келіп тұр. Достарына бару үшін бізден көмек сұрайды. Не істеуіміз керек. - Көмектесеміз ба? - Иа Көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек. 1. Тапсырма. «Л дыбысының артикуяциясы»
«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі. Піл суретін бастыру. Қандай жануардың суреті? Піл. Сонда ұлу кімге келді? Пілге Піл, піл Ұлу пілдің мұрнына отырып алтыбақан тебеді Тіл жаттығу «Алтыбақан»
Пілмен ұлу жолға шығады. Олар жолды білмейді, не істейміз көмектесеміз. Көмектесу үшін тағы тапсырмаларды орындаймыз.
2. Тапсырма Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта» Ба ...л Қа...л Са...л Е...л Та...л Ша...л - Бәрінде бар қай әріп? «Л» - Дұрыс - Піл мен ұлу түлкіге келді. Түлкі оларды күліп қарсы алады «Жымию» Түлкі, түлкі Ұлу, түлкі, піл үшеуі қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Аманғали сенен көмек сұрайды.
3. Тапсырма «Л» дыбысын дұрыс айт, анық айт. Ла - ла - ла - ла Ал – ал – ал - алма Ло - ло - ло - лом Ол – ол – ол - олжас ұл – ұл – ұл – ұлжан әл - әл - әл – әлек
Мына суреттердің ішінен «Л» дыбысы бар жануарды көрсет.
| «Л» дыбысының артикуляциясы (сөйлеу мүшелерінің әрекеті) |
Сергіту сәті 2 минут | Тентек лаққа кездеседі. Лақ, лақ, лақ Сергіту сәті. Лақпен бірге дыбыс шығарамыз. Мә – мә - мә - мә Ұлу, түлкі, піл, лақ төртеуі қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Аманғали сенен тағы көмек сұрайды. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма 10 минут | Жұмбақ шешу Күндіз көрінбейді Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Барлық тапсырмаларды орындадық, Ұлу, піл, түлкі, лақ орманда тиіннің үйін іздейді, жолдан саңырауқұлақ тереді. «Саңырауқұлақ» жаттығу. Олар асығыс сағатқа қарайды. «Сағат» жаттығу. Тиынның үйіне келеді. Үйінің есігі ашылып жабылып тұр «Ауызымызды ашып - жабамыз» Үйде тиын оларды күтіп жүр. Бәрі дастарханға отырып, ас ішеді Дастарханда «Тәтті шырын», «Кесе» шай ішеді «Ат шауып келеді»
Дыбыстық және қол саусақтарына арналған жаттығулар: Әтеш айқайлап келеді Ку – ка – ре – ку Әдемі әтеш Таң атпай тұрыпты Жан жағына қарапты Айдарын тарапты
Күшік үріп келеді аф - аф – аф Осылай бәрі тиінді құттықтайды. |
|
Қорытынды бөлім: Аяқталуы 3 минут | Бүгінгі сабаққа бізге кім келді? Ұлу Олардың достары кім? Піл, түлкі, лақ. |
|
Сабақтың соңы 2 минут | Үйге тапсырма. «Л» дыбысы және әрпі. Ла - ла - ла - ла Ал – ал – ал - алма Ло - ло - ло - лом Ол – ол – ол - олжас |
|
Автор: Ержигитова Света Бекмашовна
«А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ-нің
Инклюзивті қолдау кабинетінің логопед маманы
Түркістан қаласы