» » Алаш автономиясы туралы бірер сөз. Some words about Alash s authonomy

Алаш автономиясы туралы бірер сөз. Some words about Alash s authonomy

Аннотация.Мақалада Алаш автономиясы, оның құрылу мәселелері туралы қысқаша баяндалған.

Annotation. The article brietly explains abaout Alash¢s authonomy and the problem of its creation.

Кілт сөздер. Автономия, алаш, балама, мемлекеттік билік, азаттық.

1917 жылдың қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.

1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекеттілікті құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасынада мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы; 5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару.

Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген  сөздерін тыңдады.

Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ  автономиясын жариялауды Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы) Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды. Онда:   "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан етуге, ерікті. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін"'. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды[1,85].

Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі құрамына 15 адам сайланды. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.

Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі «Алашорданың» дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның  5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарын қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты.

II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда "Сарыарқа" газеті арқылы ресми түрде жарияланды.

Большевиктер партиясы мсн Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса. Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын тандап алды. Сондықтан олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырды. Ә.Бөкейханов31 қазақ автономиясы құрыла сала, "Қазақ" газеті арқылы зиялы кауымға былай деп жар салды! ... Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт, қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!". Ал екінші жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-территориялық мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 ж. 11 ақпанда) былай деп мәлімдеген: ''Съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархиямен болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады. Сол кезде Ресейде орьн алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы - большевизммен күрес тұрды". Әлихан Бөкейхановтың тікелей жарлықтарында Алаш әскери  жасақтауға қатты көңіл бөлінді. Алаш әскері жасағын 30 атты милицияны алуды және оның материалдық жабдықталуы сол болыстықтарға тікелей тиесілі екендігі көрсетілді.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды.

"Свободная речь" газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамышевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен.

 '"Мемлекет билеу түрі" мәселесінде II бүкілқазақтық съезд өкілдерінің екі пікірде болғандығы байқалады. Оған "Қазақ" газетіндегі "Учредительноее собрание һәм оның істейтін ісі", деген дерек Богачов А. және С.Зиманов  пен К.Нүрпейісовтың  Алаш һәм Алашорда. пікірлері дәлел. Солай бола тұрса да, съезд "Қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс" деген шешімге келді[2,27б].

"Съезд құрамына 6 облыс қазақтары енетін Алаш автономиясы жарияланып, ал оны ресми жариялау кейінге қалдырылды. Оның себебін М.Дулатов "...арамыздағы анасы басқа жұрттармен сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр", -деп түсіндіреді [3,65б.]. Әскер түрі атты әскер болатындықтан, тұсында атты қазағы бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүрігізілді. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күрсесте бір бағытта болғандығын Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған "қару-жарақ, әскер шығьнын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас деген жедел хаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жедел хаты дәлелдейді[4,281б].

Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры — қазына жинау ісі болды. "Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қазір  қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру" идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді.

Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфа директориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды.

Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойынша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайындалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты.

Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, "Алашорда" шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,"- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған "қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз" деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында "большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге "военно-полевой сот" ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде "ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды[5,296-297б.].

Қазақ қоғамындағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс. Ұлт өкілдерінің бұл әрекетін қазақ автономиясына жету жолындағы тандауынан деп түсініп, объективті бағалауъмыз керек. Екіншіден, олар автономия ісінде қазаққа қажет ұлт тұтастығьна нұқсан келтірді. М.Дулатовтың сөзімен айтқанда, "Орынбордағы съездің қаулысы жұртқа мәлім. Бірақ бұл қаулы орындалмады. Бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шықкан  большевиктердің кесірі, 2) елдің салақтығы Алашорданың аяғынан тік тұрып кетуіне осындай жағдайлар кедергі жасады.

20-ж.ж. Қазақстанда большевиктик ұлттық саясаттың негізіндс шешуді мақсат еткен территориялық мәселе маңызды болды.

Қазақ ұлтшылдарының көзқарасын көптеген жадидшілер бөлісті, сондықтан жаңа өкімет оны ескермей қалған жоқ. Саяси бағыты келіспеседе, алғашқы кезеңде соның мүддесіне жағына білу қабілеттілігін көрсетті. Ол кезде большевиктер либералды модельге ене білді. Осы уақыт шеңберінде ешқандай психологиялық қайшылық байқалмады. "Мұсылман лидерлері өздерінің ұлттық мәдениетіне шынайы берілген, отаршылықка ашық түрде қарсы тұра білетін шынайы коммунист ретінде көрсете білді. Олар пантюркистер болды. Бұл терминдер арасында қайшылық болмады. Интернационализмді шынайы көрсеткен өздерінің большевик жолдастарына сенді.

Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің қайраткерлері саяси мәселеде Алаш  автономиясын мойындауды бірінші орынға қойды, Алашорданың позициясын көрсете білді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Жұртбай Т. Алаш идеясы және Ораз Жандосов. //Саясат. 1999. №10,  85б.]; [№1,87б.].

2. Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек. 1995. 256б. [№2,153б.]; [№2,27б.].

3. Дулатова Г., Иманбаева С. М.Дулатұлы. Алматы: Мектеп. 2003. -255б. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан. 1994. [№27,271б.]

4. Нысанбаев Ә. Қазақ газеті. Алматы: Қазақ. 1998.- 560б.

5. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2005. Т-2.496 б. 


Автор:

Куляш Калиева, 

Бұлақ негізгі мектебінің 

Тарих пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы

16 наурыз 2021 г. 11 417 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 022 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 806 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930