» » Рухани жаңғыру- білім ордасындағы жаңару негізі

Рухани жаңғыру- білім ордасындағы жаңару негізі

Рухани өрлеу, рухани жаңғыру – ел  дамуының басты тұғыры. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Әрбір білімалушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Еліміздің  дамуы білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын қажет етеді, ал жаңашыл адамдарды, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын  білім беру ұйымдары Елбасы көздеген талаптарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру.

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі заман талабына сай кәсіби құзырлы маман дайындаудың  педагогикалық  ұстанымдарын кешенді жүзеге асырып келеді. 2017-2018 оқу жылында колледждің алты білім беру бағдарламасы: 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім» ,0108000 «Музыкалық білім беру», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0512000 «Аударма ісі», 1305000 «Ақпараттық жүйелер» бойынша халықаралық аккредиттеу үрдісінен сәтті өтті. Бұл Алматы облысы және колледж тәжірибесінде- жоғары нәтиже және  ең алғашқы білім беру бағдарламаларының сапасына халықаралық тәуелсіз баға беру үрдісі болып табылады.

Қолданбалы бакалавриат - маман даярлаудың  замануи институтционалдық түрі және жоғары білім берудің жаңа сатысы.

Қазіргі уақытта, колледжде  0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын даярлау үрдісі жүргізілуде.

Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізу «жоғары оқу орны- колледж - жұмыс берушілер» байланысы негізінде жүзеге асады, яғни маман даярлау үрдісінде жұмыс беруші және онда орындалатын практика түрлеріне басымдылық беріледі. Себебі, болашақ маманның қалыптасуына  кәсіби орта, ондағы тәжірибелі мамандар кеңесі, жаңартылған оқу бағдарламаларын іс жүзінде жан-жақты меңгеру мүмкіндігі ашылады. 

Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламалары  модульдік-құзыреттілік немесе базалық және кәсіби құзыреттіліктер негізінде маман даярлауды мақсат етеді.  

Колледжде болашақ мамандарға жаңартылған білім беру әдістемесін меңгерту және  критериалды бағалау жүйесін үйрету мақсатында төмендегішаралар ұйымдастырылуда:

  • Оқытушылардың  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз ету;
  • «Педагогикалық шеберлік» ЖМ орталығы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында барлығы 19, «Кәсіпқор» Холдинггі» КЕАҚ- 36 оқытушы өтіп, екі  оқытушы штаттан тыс тренері қызметін атқаруда.
  • Әдістемелік семинарлар мен пәндік әдістемелік кеңестер өткізу;

Біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келген оқытушылар құрамынан колледжде шығармашылық топ, мотивациялық кабинет құрылып, өзара тәжірибе алмасу және жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында шеберлік сабақтар мен ашық сабақтар өткізіледі. Нәтижесінде өзара тәжірибе алмасу арқылы колледж оқытушыларын жаңартылған білім мазмұны бойынша  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен стратегияларын оқыту,қолдану мүмкіндігіне ие болады.

  • Арнайы пәндерді оқыту мазмұнына өзгерістер енгізу және  арнайы тақырыптықфакультативтік  сабақтар бөлу;
  • «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім» мамандықтарының 2-3 курс білім алушыларына ЖББМ байланысты арнайы курстан өткен тренерлер факультативтік сабақтарды жүргізеді. Онда студенттердің білім беру үдерісінде оқу мақсаттарына жетуге және алынған білім мен дағдыларды кез-келген оқу және өмір жағдайында пайдалануға дайындығы қалыптастырылып,  танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететін шаралар ұйымдастырылып,  ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, білімін тереңдетеді.
  • Білім алушыларды оқу және педагогикалық практикада машықтандыру;

Болашақ педагогтар жаңартылған білім беру бағдарламасы және критериалды бағалау жүйесі  бойынша арнайы курстардан, факультатив сабақтардан, жеке  пән әдістемелерінен және педагогика пәні арқылы теориялық білім негізін меңгеріп, іс-тәжірибеде оны қолдануға машықтануы тиіс. Осы мақсатта колледждегі оқу іс-тәжірибесінің жоспарына да өзгерістер енгізілді. Әдіскерлер жоспарда жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  алушылардың  оқу  жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін, критериалды бағалау жүйесін, критериалды бағалау ережелерін, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерімен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар жазуға машықтандыруды қолға алуда. Соған орай оқу практикасының жоспарларына өзгерістер енгізді.Колледж әдіскерлерінің жыл көлеміндегі жан-жақты бағыттағы жұмыстарының барысына бақылау жүргізу, зерттеу және оның қорытындысын шығару, шыққан қорытындының нәтижесінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында диагностика әзірленді. Диагностиканың нәтижесі оқу жылының соңында шығарып, шыққан нәтиже негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

Педагогикалық практикаға жетекшілік жасауда әдіскерлер машықкерлерге кеңес беру кезінде жаңа стандарт пен жоспарлауды, бағалау критерийлерін үйрете отырып кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырады.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ және Панфилов ауданы білім бөліміндегі әдістемелік кабинеті және базалық ЖОББ мектептерінің  арнайы тренерлік курстан өтіп келген тренер-мұғалімдерімен серіктестік жұмыстарын ұйымдастыру;

Бұл бағытта әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру мақсатында колледжбазалықмектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды, мектептердегі практиктер өз тәжірибелерімен студенттерді таныстырып, жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгеруге үлес қосуда.          Мысалға: биылғы оқу жылында колледж студенттерін «Жаңартылған білім беру бағдарламасын педагогикалық іс тәжірибелерде қолдану жолдары», «Критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен кездесулер, семинарлар, коучинг сабақтарды «Бастауыш сынып мұғалімі», «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі», «Бастауыш шет тілі пәнінің мұғалімі» мамандықтарының студенттеріне арналып ұйымдастырылды.

            Қорыта айтқанда, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі еліміздібілім беру ісіне ұтымды үлес қосумен бірге болашақ- білімді мамандардың қолында екенін назарда ұстайтын оқу орындарының бірі.  Жаһандық өзгерістер мен білім берудегі бәсекелестікті жеңу жолында колледж, жаңғыру, жаңару жолдарын ұстанып әлі де биік шыңдарды бағындыруды мақсат етеді.

Айгуль Жунусова,

Алматы облысы,

Панфилов ауданы,

Жаркент қаласы.

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі,

Директордың оқу-өндірістік істер жөніндегі орынбасары

13 сәуір 2018 г. 3 639 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 131 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 848 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930