» » Нұр-Сұлтанда “NCIT робот және авиация” халықаралық көрмесі өтті

Нұр-Сұлтанда “NCIT робот және авиация” халықаралық көрмесі өтті

27 сәуір күні Нұр-Сұлтандағы №85 мектеп-лицейінде STEM білім беру жүйесін мектептерде қолдану мақсатында “NCIT робот және авияция” атты халықаралық көрме өтті, деп хабарлайды kazaknews.kz
№ 85 мектеп-лицейі Қазақстандағы мемлекеттік мектептердің арасында ең алғаш STEM білім беру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Аталмыш оқу орнына АҚШ-тан келген NCIT білім беру орталығының мамандары NCITSTEM білім беру жүйесін таныстырып, роботтар мен авиация жөнінде кеңінен мәлімет берді.

STEM дегеніміз не?

STEM жүйесі – ғылым, технология, инжиниринг және математиканы пән ретінде біріктіре оқыту идеясына негізделген бағдарлама. Көрменің өтуіне себепкер болған NCITSTEM білім беру компаниясының басшысы Джон Ким мырзамен сұхбаттасудың сәті түсті.                                                    

    “STEM оқыту жүйесін ресми түрде қолданысқа енгізген АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама”

АҚШ-қа 1985 жылы бардым. Оңтүстік Корея және АҚШ азаматымын. Білім беруге негізделген компаниямыз 5 жыл бұрын Құрама штаттарда құрылды. STEM білім беру жүйесі АҚШ үкіметінің қолдауымен 2003 жылы басталған болатын. Біз Америка оқыту жүйесі мен Оңтүстік Кореяның технологиясын біріктіре отырып, STEM білім беру жүйесін құрдық. Бұл технологиямен қоса адамзаттың мәселесін оңтайландыру. Оқушылар IT мен бірге адамзатты қоса зерттейді. Бізде 10-8-6 жасар балаларға арналған жылдық жүйе мен оқу жоспары бар. Аталмыш жүйе арқылы білімпаз кодтау, бағдарламалау және IТ-ды меңгеріп қана қоймай барша қауымдастық пен ұлттардың ынтымақтастығына қызмет етуді үйренеді. Бұл білім беру жүйеміздің ерекше тұсының бірі.

STEM оқыту жүйесін ресми түрде ұсынған АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама. Ол білім берудің әдістерін жетік меңгерген еді. Білім алу мен берудегі нәсілшілдіктің жойылуына бар күшін салды. Сондықтан, ол білім алудың түрлі мүмкіндіктерін дамытты. Бұл қандай мүмкіндіктер? Орта мектептерде дамыған жүйенің қолжетімсіздігі белгілі. Сол себепті жаңа жүйені баршаға қолжетімді ету үшін президент барын салды. Осылайша АҚШ конгресіне жаңа жүйе ұсынып, мемлекет жобаны жүзеге асыру үшін 20 миллиардқа жуық қаржы бөлді. Мемлекет маман даярлау мақсатында  бізді 6 жыл оқытты. Бүгінде STEM жүйесімен маманданған мектептер жетерлік. Сонымен қатар, білім беру жүйесі жеке мектептерде ғана емес барлық мемлекеттік мектепте қолжетімді. Қазақстан STEM оқыту жүйесін қолданып бастаған дамушы елдің бірі. Бұл елдің мүмкіндігі зор. Жаңашыл көзқарасқа ашық аймақ. Мұнда қарқынды жұмыс атқарып жатырмыз. Ал, №85 мектеп-лицейінің басшылығы маған өздері хабарласты. Бұл біз ынтымақтастық орнатқан алғашқы мемлекеттік мектеп. Меніңше жүйе барлық мектепте болуы қажет.

“NCIT Робот және авиация” көрмесі қалай өтті? (суреттер сөйлейді)
 Кезек биші роботтарда.


 
     







 Қатысушылар құс роботты сынақтан өткізуде.











Мектеп мұғалімдері NCITSTEM білім беру компаниясының басшысы Джон Ким мырзамен.









Дереккөз: kazaknews.kz
03 мамыр 2019 г. 6 081 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 085 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031