» » Білім саласы басшыларының таңдамалы мақалалары - 2020

Білім саласы басшыларының таңдамалы мақалалары - 2020

Шымкент қаласы 

№67  негізгі мекетеп КММ-нің директоры 

Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы


Қашықтықтан оқыту технологиясын тәжірибемізге енгізу  қандай мүмкіндіктер берді?


«Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және
қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін
білесіз.Сіз өзгерсіз,себебі сіз білім алғанды,білім
бергенді жақсы көресіз,тез өзгеретін әлемде
балаға бағыт беріп отыруда
сіз қажетсіз.»
С.Бич.


   Соңғы уақытта орын алып жатқан  Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарындағы елеулі өзгерістер өз тәжірибемізге тың қадамдар жасауға алып келді. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналды. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез – келген әлемдік мектептерде, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана келешек жеткіншектеріміздің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қарулануына жағдай жасай аламыз.

    Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек,

дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асырудан  басқа таңдау жоқ екенін түсіндік.  

     Министрлік тарапынан қысқа мерзім ішінде осындай жағдайға тап болған басқа елдердің тәжірибесін алдын ала зерделеу және аз уақыт ішінде оны тиімді жүзеге асыру талабы тұрды.Іс жүзінде бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуға көшкендігін және ол қажеттіліктен туындағанын білдік. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешімге сәйкес мұғалідерді,ата-аналар мен оқушыларды психологиялық және ақпараттық тұрғыда дайындау қажеттілігі туындады.

    Аз уақыт ішінде, яғни 2 ай көлемінде болған қашықтан оқыту әдісі өзінің нәтижелерін беруде өз тәжірибемізде кездескен кедергілер төмендегідей болды:

техниканың жетіспеушілігі;

интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;

байланыс аппараттарының сапасыздығы;

тым көп ақпарат;

     Атап айтар болсақ қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес! Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. Осы тұрғыда алып қарайтын болсақ біз өз тәжірибемізде қашықтықтан оқытудың қандай тиімді тұстарын көре білдік және оны алдағы уақытта дамытудың жолдары қандай? - деген сұрақ туындап отырғаны бәріңізге мәлім. Бұл сұрақ төңірегінде ойланған тұста қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - білім беру жүйесінің болашағы болып табылатындығына баршаңыз куә болып,оны өркениетті қоғамның талабы мен қажеттілігі екенін түсінетін уақыт келді.Келешек ұрпағының бәсекеге қабілетті болуын қалайтын әрбір ата-ана, ұстаз бұл сұранысқа сай болуы шарт.  Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты         орынды   қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын екендігін тәжірибе көрсетті. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушыға көп еркіндік беретінін түсіндік. Оқушылар тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алды.         Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты екенін  әр мұғалім түсіне білді. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол оқу бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.Бұл тұста мұғалімдеріміз Google Classroom қосымшасы арқылы Google Дискте ресурстарын жинақтауды, Learningapps қосымшасы арқылы  сабақты түрлендіруге  Telegram мессенджері барлық оқушының жылдамдығы жоғары ғаламторға шығатын мүмкіндігі жоқ болған жағдайда қолжетімді байланыс құралын орнатуға машықтанды. Zoom, Coogle Meet,  Youtube, WhatsApp, арқылы қашықтықтан оқыту кезеңінде білім алушыларға белгіленген сабақ кестесі бойынша онлайн-сабақ жүргізу, пәндік бірлестік мұғалімдерімен онлайн-отырыс өткізу, тоқсан сайын өткізілетін онлайн-педагогикалық кеңеске қатысу жолында өз тиімділігін алып келді.Тәрбие үдерісі барысында атап өтетін тиімді тұстарымыз ата-аналармен бірлескен кітап оқу, бейнефильмдер көру және оны талдау ,экологиямызды ластамас үшін күнделікті үйден шығатын қоқысты  сұрыптау челенджі,ең жақсы көретін  ұстазға хат жолдау,апта көлемінде  көруге ұсынылатын деректі және көркем фильмдер,аптаның қолөнер туындысы,апталық отбасылық ойын, «Көршілерге күлкі сыйла»,атаулы мерекелелік күндерге  видео құттықтаулар  жобасы және «Біз біргеміз» акциясына оқушыларымыз белсенді қатысып қашықтықтан оқыту үдерісінде отбасылық тәрбие құндылығын арттыруда үлкен жауапкершілік таныта білді.

Жалпы алдағы уақытта қашықтықтан оқыту барысында мектеп әкімшілігінің мектеп персоналдарына  тиімді жұмыс жасауына қолдау көрсету маңызды болып табылады.Аз ғана уақыт аралығында мектеп әкімшілігі тарапынан алдағы уақытта кездескен кедергілерді қалай жоюға болады ?

1.Ақпарттық –технологиялық құзыреттілігін арттыруда курстарға қатыстыру;

2.Мектепішілік желілік  және кәсіби қоғамдастық аясында қашықтықтан оқытуда кездескен өз мектебіміздің проблемасына сәйкес мұғалімдердің өздігімен дамуының шығармашылық ортасын қалыптастыру

3. Ата-ана және оқушылармен сапалы тиімді кері байланыс орнату ортасын  құру;Өздігімен білім алуға бағыттайтын тәрбиелік іс-шаралар құрылымына  өзгерістер енгізу;

Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді.Бұл аталып өткен мәселелер екі айлық тәжірибе уақытында туындаған ұсыныс,ой пікірім. Білім саласында өзектілігі арттып отырған бұл үдеріс алдағы уақытта сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруда баршамызға өз тиімділігін алып келуі тиіс. Әрбір білім беру ұйымы өз тәжірибе алаңында еркіндік танытып ,кездескен мәселелерді талдауға ашықтық таныта білсе алдағы уақытта ақпараттық құзыреттілігі жоғары, өркениетті қоғам талабына сай  әлемдік кеңістікте шығармашылық орта қалыптастыра аламыз деген сенімдемін. Ол үшін педагогтер қауымы қазіргі ақпараттық қоғамның өзгерісіне бейім ұрпаққа білім беруде екі есе жүк арқалап отырғанымызды сезінуіміз қажет.  Барлық әріптестерімді өзгермелі қоғамның талабына сай құндылығы мен ортақ ұстанымы қалыптасқан , бәсекеге қабілетті , сұранысқа ие жоғары білікті маман болуға шақырамын.

         Әдебиеттер

  1. Журнал «Информатика и образование». – 2006. – № 7. – Б. 41-45.
  2. Журнал «Информатика и образование». – 2006. – № 2. – Б. 49-57.
  3. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. – Б. 18-19; 38-39; 118-119; 460-461.
30 маусым 2020 г. 40 116 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 996 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930