» » Отандық ғалымдар бейорганикалық материалды синтездеу бойынша патент алды

Отандық ғалымдар бейорганикалық материалды синтездеу бойынша патент алды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары «YbBiNaFeOқұрамды висмутты – ферритті алу жолы» атты патентке ие болды. Инновациялық өнертабыс наноқұрылымды бейорганикалық материалды синтездеп алғаны үшін беріліп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаевтың жетекшілігімен Қыздар Университетінің бір топ ғалымы бірнеше жылдан бері Жаратылыстану факультетінің базасындағы Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибе жүргізіп келеді.
"Ұзақ жылғы ғылыми ізденістің нәтижесінде олар күн энергиясын түрлендіру құрылғыларына магниттік жартылай өткізгіш материалы ретінде, спинтроника, микроэлектроника және компьютерлік техника құрылғыларына материал ретінде қолданыла алатын өнертабысқа қол жеткізіп отыр" - дейді ол.
Жандар Асанның ақпаратына сүйенер болсақ, бұл патент – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алғашқы өнертабыстық инновациялық патенті.
"Оқу орнының Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми, қоғамдық және басқа да ғылыммен айналысатын ұйымдармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады. Орталықтың жұмыс істеу бағыты бойынша қызметкерлерге, университеттің білім алушыларына қызмет көрсетуге жоспарланған. Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары химия және биология кафедраларының бірнеше ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі" - дейді Жандар Асан.


01 қазан 2018 г. 13 022 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 222 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031