Жұптық жұмыс Өлеңді хормен, тізбектеп және іштей оқып шығады. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, ..... болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан? Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Өлең не туралы? Бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз? Өлеңде табиғаттың қандай құбылыстары суреттелген? Олай болса өлеңге өз бетімізше тақырып қойып көрейік. Дескриптор: Жұптық талқылау жүргізеді. Қай мезгілге арналғанын ажыратады Өлеңнің негізгі ойын айтады. Тақырыбын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызша әдісі»(Жұптық бағалау) Топтық жұмыс Әр топқа постерге жазылған бір сөйлем және бірнеше тыныс белгілер көрсетілген терезешелер беріледі. Ол сөйлемнің көңіл күйіне және дауыс ырғағына қарай топпен ақылдаса отырып анықтама жазып көрсетеді және қажетті тыныс белгіні тауып қояды. Алақай, қар жауды Балалар, қазір қай мезгіл Ертең үлкен залда «Күз аруы» байқауы өтеді Дескриптор: Сөйлемдегі көңіл күйді анықтайды. Қандай дауыста айтылғанын ажыратады. Постерге анықтама жазады. Қажетті тыныс белгіні тауып қояды. Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер»(топтық жұмыс ) |