» » Сөз және оның мағынасы. Омоним деген не?

Сөз және оның мағынасы. Омоним деген не?

Антоним,синоним, омоним сөздерді ажырату және мағынасын түсіну,сөйлеу барысында қолдану.



















Сабақ негізделген оқу мақсаты

2.2.2.1-антоним,синоним, омоним сөздерді ажырату және мағынасын түсіну,сөйлеу барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтінді оқиды, жаттығуларды орындайды.

Көп оқушылар: Мәтіннің не туралы екенін айтады, сұрақтарға жауап береді,қарамен берілген сөздердің омоним, антонимін табады.

Кейбір оқушылар: Мәтіннен алған әсерін өз сөзімен әңгімелейді,мәтіндегі ойға өз ойын білдіреді. Сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

Бағалау

критерийлері

-Мәтінді түсініп оқиды, не туралы екенін айтады.

-Мәтіннен алған әсерін әңгімелейді, қарамен берілген сөздердің антонимін табады.

-Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

-Суретке қарап, суретшінің қатесін табады.

-Өлеңді мәнерлеп оқиды, не туралы екенін айтады. «Шымбұлақ» туралы білетіндерін ортаға салады.

-Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлемдер құрайды.

Тілдік  мақсаттар

Тілдік дағдылар: ауызша, жазбаша 

Терминология: Шымбұлақ, шың, құз

Сөз тіркестері: қолдың қары, бет алу

Құндылықтарды

 дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық 

байланыстар

Әдебиет, дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану

дағдылары

Электронды оқулық, интернет (смартфон) арқылы ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Алдыңғы оқу

 Сөз және оның мағынасы. Омоним, синоним, антоним сөздер

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

        Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер 

Ресурстар

Сабақтың басы

 (2 минут)

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам?    Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ?   Үйрену.ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек ,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық.

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият болайық.

 

 

 

Сабақтың ортасы

(35 минут) 

Ұжымдық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

Ұжымдық жұмыс

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Алдыңғы білімге саяхат. «Доп ортада» әдісі.

-Сөз деген не?

-Сөз нелерден құралады?

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

-Сөйлем деген не?

-Сөйлем нелерден құралады?

Кері байланыс. Күлімшелер тарату.

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Сабақтың мақсатын таныстыру.

Сабақта орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. «Оқы-топтас-бөліс»әдісі.

Тыңдалым         Айтылым

22-жаттығу. Тапсырма:Мәтінді тыңда. «Аяқталмаған ойын».

 

Мәтін тақырыбы бойынша мазмұнына болжам жасау

    Дескриптор:  

1.Мәтінді әр оқушы түсініп оқиды.

2.Мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіреді,тыңдайды.

3.Мәтін мазмұнын бір оқушы әңгімелейді.

Сұрақ-жауап:

-Мәтін не туралы?

-Бұл мәтін саған қандай әсер қалдырды?

-Сен олардың орнында болсаң, не істер едің?

-Қарамен берілген сөздердің антонимін тап.

Қорытынды.Ойында  да татулық керек. Кіші үлкенді тыңдау керек, үлкен кішіге қамқор болу керек.

Кері  байланыс.  «Мадақтау»

Дәптермен жұмыс.23-жаттығу.Тапсырма: Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.

             Түріп жең,                  Талып қар,

              Күресте жең.              Күре қар.

Жең-киімнің жеңі, жеңу, жеңіс

Қар-қолдың қары, ақша қар

Қорытынды.Айтылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді омоним сөздер дейміз.

Кері байланыс.Жұптық бағалау.

Суретпен жұмыс.24-жаттығу.Тапсырма: Суретке қарап, суретшінің қатесін тап. Қай топ жылдам, әрі көп қателік табады?

Қорытынды. Адам әр жыл мезгіліне сай киіну керек.

Кері байланыс.Мадақтау.

Дәптермен жұмыс. 25-жаттығу.Тапсырма:Өлеңді көшіріп жаз.

             Шақырады Шымбұлақ-

            Аппақ-аппақ шың, құзы!

            Қуанбайтын кім бірақ,

            Жарқыраса жұлдызы!

    Дескриптор:  1-топ.

1.Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқу.

2.Өлең жолдарындағы ұйқасты табу.

3.Шымбұлақ туралы білетіндерін ортаға салу.

2-топ.

1.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу.

2.Өлеңдегі сөйлемдердің түрлерін табу.

3.Шымбұлақ туралы білетіндерін айту.

3-топ.

1.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу.

2.Өлеңнен синоним сөздерді табу, салыстыру.

3.Шымбұлақ туралы білетіндерін ортаға салу.

Қорытынды.Еліміздің көрнекті жерлерін біліп, онымен мақтанып, көркеюіне үлес қосуымыз керек!

Кері байланыс. Қошеметтеу.

 Ойын: «Артығын алып таста».

Шарты: Омоним, синоним, антоним сөздерді пысықтау.

Қорытынды.Ойында да ойланып жүрейік!

Оқулықпен жұмыс.26-жаттығу. Тапсырма:Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлем құра.

Дескриптор:

1.Заттың атауын 1-ші мағынада қолданып, сөйлем құрайды.

2.Заттың атауын 2-ші мағынада қолданып, сөйлем құрайды.

Қорытынды. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді синоним сөздер дейміз.

Кері байланыс. Топтық бағалау.

доп

Оқулық, 13 -бет

Жұмыс дәптерлері

Оқулық, 14 бет

Жұмыс дәптерлері №2

Компьютер, Imektep сайты

Оқулық,15-бет

Сабақтың соңы (3м)

 

Рефлексия.   « Бағдаршам» әдісі.

Джакаева Гулбакира Сайлауевна

Сұрақ-жауап:

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай іс-әрекеттер, тапсырмалар саған ұнады?

-Сабақтың ұнамаған тұстары болды ма?


Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

1.Мәтінді түсініп оқиды, не туралы екенін айтады.

2.Мәтіннен алған әсерін әңгімелейді, қарамен берілген сөздердің антонимін табады.

3.Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

4.Суретке қарап, суретшінің қатесін табады.

5.Өлеңді мәнерлеп оқиды, не туралы екенін айтады. «Шымбұлақ» туралы білетіндерін ортаға салады.

6.Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлемдер құрайды

Топтық бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек»,«қошемет», мадақтау,күлімшелер тарату, жұптық бағалау

Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне көңіл бөлемін.

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


 

Қорытынды бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралыменің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Джакаева Гулбакира Сайлауевна
Тараз  қаласы
Шона  Смаханұлы  атындағы  № 44 орта  мектеп
09 ақпан 2019 г. 38 113 0

Похожие новости:

title
Ата-аналар жиналысы
Рухани жаңғыру және білім
title
Зат есім
Рухани жаңғыру және білім
title
Иррационал теңдеулер
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 213 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031