» » "Шығармашыл ұстаз - 2020"

"Шығармашыл ұстаз - 2020"

Шортанбай Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Бекмұхамбет Дарын

Түркістан облысы, Кентау қаласы

Жетекшісі: Салықбай Элмира Асанқызы

Менің  Отаным – Қазақстан 

            Қазақстан  ұлан байтақ елім,кіндік қаным тамған жерім! Тәуелсіз мемлекетімнің  өз туы,  елтаңбасы,  әнұран бар. Жері кең және құнарлы. Қазақстан кеңбайтақ , жер асты қазба байлықтарға толы. Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самғап өмір сүріп жүрген қазақтарым. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, шешендер, тәжіктер тағы басқа ұлттар тұрады. Мен өз отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Қазақстан отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әртүрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптерөседі.

         Отанымыздың төбесі көкке тірелген таулары , көк-жасыл орман –тоғайлары , асу-асу белдері, қойнауы алтын астық  пен малға толған кең жазира  даласы бар. Қазақстан – әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы көлдері, тулаған толқынды теңіздері, әсем қалалары бар. Достығы жарасқан көп ұлтты мемелекет. Әнұраны мен әйгілі, туымен тұғырлы , елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел   жоқ  шығар. Туған жер – адам өмірінде келі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенмен және болашақпен байланыстарады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адам да отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз жер,туған көше,туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халмыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.Өз ел үшін жанында,барын да аямаған.Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап,ана тілімен дарып,ақ нанымен бекуі тиіс.Өйткені,Отан біз үшін оттанда ыстық.Туған жер адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады.Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін?             Мен өз Отанымды қалай мақтан түтпаймын? Ол мені өз құшағына алады,әрдайым жылулық сыйлайды.

Табиғаттың тамаша жазы қандай.Айналама көк кілем жазылғандай.Сымбатынан айналдым,туған жерім,сылдырлаған бұлағы,суы балдай,-деп бала жүрек жырлағандай,мен өз өлемді жан-жүрегіммен сүйемін.Өйткені Қазақстан менің атамекенім.Атамекен деген туған тіл,ата салт-дәстүр,елінің тарихы,байлығы,мектебінің,үйінің,бәрі-бәрі сонда.Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.Мұқағали атамыз:" Сендердікі қоғам,өмір,заманда,сен түзеген қаламменнен далаң да,болашақта барлығы да сендердікі,жас ұрпақ,сендерге аманат етіп табыстаймыз,қабыл алыңдар!",-дейді.Біз енді тәуелсіздігімізді сақтау үшін,оны баяндаы ету үшін өмір сүруіміз керек.Қазақстанымда бейбітшілік пен тыныштық әрдайым болсын!  

    
13 ақпан 2020 г. 3 979 0

Похожие новости:

title
Туған жерге тағзым!
Рухани жаңғыру және білім
title
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ТІРЕГІМ
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 044 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930