Ұстаздық еткен жалықпас...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп тануын ескере отырып әзірленген Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі арнайы алдын алу шаралары іске асырылуына байланысты білім беру ошақтарының барлығы дерлік қашықтан оқыту жүйесіне көшті. «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты профессор-оқытушылар құрамының қашықтан жұмыс істейтін форматқа көшуіне қарамастан «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен білім берудің жаңа жүйесіне сәйкес пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мен білімін көтеруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында өз жұмысын ары қарай да жандандыра түсуде.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін кафедра профессор-оқытушылар құрамы таңдап алынған міндеттерге сай ғылым мен техниканың жаңа өзекті мәселелері негізінде білімді беруді дамытудың басым бағыттарына сәйкес мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, оқыту-семинарларын, байқау, олимпиада, конференциялар ұйымдастыруда. Сонымен қатар, педагог кадрлардың ғылыми жұмыспен айналысу, әдістемелік көмек көрсету, озат жаңашыл мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін оқып үйренуді, қорытуды және таратуды, жас мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті меңгеруге, инновациялық технологияларды сабақта тиімді пайдалануға көмек көрсету, оқу сабақтарының барлық түрлері үшін оқу-әдістемелік материалдар (әдістемелік нұсқаулық, әдістемелік көмекші құрал, электронды оқулықтар) құрастыру, ОӘК мен портфолио жинақтау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.
Осы мақсатта және курстан кейінгі қолдау және қашықтықтан оқытуды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бойынша мамыр айында өзекті тақырыптар бойынша 5 вебинар мен дөңгелек үстел өткізіліп, түрлі деңгейдегі басылымдарға 17 мақала жарияланды. Филиал сайты айдарларында пән мұғалімдеріне түрлі тақырыптарда әдістемелік көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта «Өрлеу»БАҰО» қызметкерлері онлайн сабақтар өткізуде, еліміздегі орта білім мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне білім алуға қажетті бейнефильмдер мен сандық білім беру ресурстарын, бағдарлама тақырыптарына сай контенттер дайындаумен шұғылдануды. Оқу материалдары мен бейнесабақтарды youtube.com. порталының «Образовательный канал Өрлеу» каналында танысуға болады.
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.Мусабеков