» » Адамның дене мүшелері

Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың қызметтерін атау.

Сабақ мақсаттары

 

1.Адамның дене мүшелерін атап, көрсетеді.

2.Қол, аяқ сүйектерінің түрлерін ажыратады.

3.Адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін сипаттап, маңыздылығын дәлелдейді.  

Бағалау критерийлері

Адам денесінің негізгі мүшелерін  атайды және олардың қызметін  сипаттайды

Тілдік мақсаттар 

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: 

Қол, аяқ, адамның дене мүшелері, иық, білезік, шынтақ, сан, тізе, жіліншек, башпай, табан.

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

  • Адамның дене мүшелерін ата.
  • Дене мүшелері не үшін қажет?
  • Біздің дене мүшелеріміз  қандай қызмет атқарады?
  • Паралимпиадаға кімдер қатысады?

Құндылықтарды дарыту

«Ынтымақтастық»- топпен жұмыстану барысында оқушылардың  бір-бірімен ынтымақтастық құндылықтары дариды.

«Құрмет»- топпен жұмыстану барысында бір –бірінің  пікірін тыңдай отырып, сыйластық сезімдері артады.

Пәнаралық байланыстар

 дене шынықтыру (сергіту сәтінде оқушылар қимылды қозғалыс жасайды),

көркем еңбек (топтық жұмыс кезінде адам сұлбасының бейнесін бейнелейді, мүсіндейді).

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Бейнеүзік (паралимпиадаға қатысушылардың бейнекөріністерін көреді, сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстарын қайталадайды), интербелсенді тақта( бейнеүзік көреді, суреттер)

Бастапқы білім  

Тірі табиғат, адамның дене мүшелері туралы жалпы түсініктері бар

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Кіріспе бөлімі

 

 

 

3 мин

Ширату 

Суреттер арқылы топқа бөлінеді. (әр түрлі қимыл-қозғалысқа байланысты топтарға бірігеді)

               

 

(Т)  Сіздердің топтағы суретте не бейнеленген?

1-топ. Баскетбол ойнап жатқан оқушылар

2-топ.Кітап оқып отырған оқушылар

3-топ. Футбол ойнап отырған оқушылар

4-топ. Музыка тыңдап отырған оқушылар

Суреттер

Интербелсенді тақта, суреттер

Флипчарт, қима қағаздар

Сабақтың негізгі бөлігі

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

       

Қимылды би билейді.

  • Балалар біз не істедік?
  • Қалай, не арқылы биледік?
  • Мен қолымды қозғадым?
  • Мен аяқтарымды қозғадым.
  • Басым қозғалысқа түсті, т.б
  • Сабақ мақсатын хабарлау
  • Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы не?
  • Адамның дене мүшелері.
  • Мақсатымыз адамның дене мүшелерінің қызметін анықтау екен.

- Осы іс-әрекет барысында адамның қандай дене мүшелері қозғалысқа түсті?

- Тағы қандай адамның дене мүшелері бар?

 (Ұ) «Ойлан, тап!»

Жұмбақ жасыру арқылы адамның дене мүшелерін табу.

Қанша ғұмыр кешеді,

Сонша ғұмыр өседі. (шаш)

Өзгені көріп екеуі,

Бірін-бірі көрмей өтеді (көз)

Күні бойы тынымсыз қаққан,

 Түнде діңкеңдеп қыбырсыз жатқан  (кірпік)

Барлығын тыңдар,

Ізетті мұндай,

Айтшы кім бар? ( құлақ)

Оңқай біреу,

Солақай біреу,

Бір-біріне сүйеу. (қол)

Пұшық келсін,

Дөң келсін,

Жаманы жоқ,

Дем берсін. (мұрын)

Біреуде шешен,

Біреуде олақ.

Біреуде ұзын,

Біреуде шолақ. ( тіл)

Осы кезбе екеуімен,

Талай жерге жетемін мен. (аяқ)

(С) Тапсырма бойынша саралау тәсілі

А. «Артығын тап» ойыны. Берілген суреттердің ішінен артық суретті тауып, сыз.

В. «Суретті толықтыр». Суретте жетпей тұрған дене мүшесін салу.

С. «Сәйкестендіру» әдісі.  Дене мүшелерінің атқаратын қызметін айт.

Дескриптор:

  • Артық суретті таба алады.
  • Суретте жетіспейтін дене мүшесін анықтап, бейнелейді.
  • Суретке қарап сәйкестендіруді табады. Дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.

«Білезік» әдісі арқылы бағалаймын ( өте жақсы орындаған оқушыға жасыл білезік, жақсы орындаған оқушыға сары білезік, түзетумен орындаған оқушыға қызыл білезік тағамын)

Оқулықпен жұмыс 

  • Негеш қайда?
  • Эврика қайда?
  • Олар қай дене мүшесін қозғап жатыр?
  • Қол, аяқ

Бейнеүзік тамашалау 

(қол және аяқ сүйектерін таныстырады)

(Т) (С) Қарқын бойынша саралау тапсырмалары 

 «Зерттейік» әдісі арқылы адамның дене мүшелерінің бөліктерін анықтау.

1-топ. Флипчардқа бір оқушыны жатқызып, денесін бастырып,сызып алу. Қима қағаздар арқылы қол, аяқ сүйектерінің атауларын тұсына жабыстыру.

2-топ. Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрастыру. Дене мүшелерін көрсету.

3- топ. Қуыршақтың  қол, аяқ сүйектерін көрсете алады.

4-топ. Ермексаздан адам бейнесін жасап, дене мүшелерін атайды.

Қосымша тапсырма

Қол және аяқ сүйектерін ажыратып көрсет. Дене мүшелерінің атқаратын қызметін айт.

Дескриптор: 1. Адам мүсінін дайындайды.

                      2. Адамның дене мүшелерін табады.

                      3. Дене мүшелерінің қызметін анықтайды.

«Ақ қасық» әдісі арқылы топтар бірін –бірі бағалайды(ақ қасыққа көңіл күйді бейнелеу арқылы топтар бірін –бірі бағалайды).

 

Сергіту  сәті

Бейнетаспадан әуен ойнап тұрады. Оқушылар қимылын қайталайды

(Ө) Дәптермен жұмыс

(өзінің портретін салу) 

Портрет –  бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.

Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

Белсенді әдісі

«Графикалық органайзерлер» әдісі

 (Т)  График құрастыру, пиктограмма құрастыру.

1топ. Суреттерді жабыстыру (оқушы топтарына флипчард пен дене мүшелерінің суреттері бар суреттер беріледі. Оқушылар флипчартқа дене мүшелерінің санын анықтап, графикке толтырады).

2-топ. Диаграмма құрастыру (топтағы оқушылар өздеріне берілген түрлі жолақшаларды дене мүшелерінің санына байланысты флипчартқа жабыстырып, диаграмма жасайды).

3-топ. Жіппен белгілеу (оқушы топтары дене мүшелерінің санына байланысты жіппен график жасайды)

4-топ. График құрастыру (флипчартқа сынық сызық графигін құрастырады)

«Күлегештер» әдісі арқылы топтық өзара бағалау. (топтағы үш түрлі смайликті көтеру арқылы бағалайды)

(МК) (С)  Диалог және қолдау

  • Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?
  • Адамның барлық дене мүшелері маңызды.
  • Адамдардың барлығында  дене мүшелері толық бар ма?

Дескриптор: 1. Адамның дене мүшелерінің қызметін біледі.

  • 2. Адамның дене мүшелерінің маңыздылығын дәлелдейді.
  • Бейнеүзік көру. 

(бейнеүзікте паралимпиадаға қатысқан адамдардың сәтін көру арқылы, кейбір адамдардың дене мүшелерінің жоқтығын байқайды. Қауіпсіздік ережелерін қайталайды)

 Сен білесің бе?

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі.  Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтереді. Александр  Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті.

 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма   

Оқу мақсаты: 1.2.3.1 Адам денесінің негізгі  мүшелерін  және олардың қызметтерін атау

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Адам денесінің негізгі мүшелерін  атайды және олардың қызметін  сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу  және түсіну

Қолдану

 (Т) 2-тапсырма

      Суретке мұқият қара.  Қолмен орындалып тұрған әрекеттерді қызыл түспен қоршап сыз.

Аяқпен орындалатын әрекеттерді көк түспен қоршап сыз.

                        

Дескриптор

Білім алушы

- суретке сүйеніп,  қолмен және аяқпен орындалған әрекеттерді ажытатып, белгілейді.

 

үнтаспадан «Қара жорға» әуені ойнап тұрады. Оқушылар қайталап қимылын жасайды

Bilimsite.kz

Жаратылыстану, 1 сынып

Imektep.kz/kz

Флипчарт, геометриялық фигуралар, қима қағаздар, ермексаз, қуыршақ.

Бейнетаспа

Жаратылыстану дәптері.

Флипчарт, қима қағаздар, жіп, сызғыш, маркер, жіп.

Бейнеүзік, слайдтағы суреттер

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы негізінде мұғалімнің шығармашылығы.

Жаратылыстану, 21-22 бет.

1-сынып

Қорытынды 

5 мин

 

 

«Сұраққа жетіп ал»   әдісі

(Жаңа тақырып байынша сұрақ қойып, допты оқушыға лақтырады. Оқушы оның жауабын айтып, келесі оқушыға сұрағын қояды)

  • Адамның тыныс алу мүшесін ата.
  • Көру мүшесін ата.
  • Адамның дене мүшелерін ата.
  • Қол сүйектерін ата.
  • Аяқ сүйектерін ата

 

Рефлексия

«Табыс басталдағы»

Мен үшін             маған бәрі түсінікті   маған қиын емес, 

қиын болды                                                барлығы оңай 

 


Доп

Табыс баспалдағына оқушылар стикерге аттарын жазып жабыстырады.

БҚО, Орал қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Тасанованың "Адамның дене мүшелері" атты сабақ жоспары:

 



 
17 желтоксан 2020 г. 47 553 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 859 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 085 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031