Қытайдың У-син кескіндеме әдісі
Міндеттері:
- Қытай кескіндемесі туралы қысқаша мәлімет беру;
- У-син кескіндемесінің әдісімен танысып, жаттығулар орындау.
- У-син кескіндемесінің жазу әдісін меңгеру және дәстүрлі емес тәсілдерді қолданып уйрену.
Көрнекілігі:
Суретші шығармаларынан иллюстрациялар; таблицалар; жаттығу үлгілерінен көрнекілік.
Құралдар мен материалдар:
А3 пішімді қағаз немесе қытай қағазы; акварель, гуашь бояулары; қытай қылқаламдары, палитра және т.б.
Мазмұны: Бүгін Қытайдың гохуа деп аталатын кескіндемесі тәсілдерінің үйлесімі негізінде құрылған, өзін-өзі дамыту техникасы У-син кескіндемесімен танысамыз. У-син кескіндемесі бес элементтер жүйесінен тұрады. У-син – бұл бес алғашқы элементтер жүйесі – ағаш, от, металл, су, жер. Бұл бүкіл ежелгі Қытай дүниетанымының негізінде алынған. Бес элемент бес энергия сапасын белгілейді. Кескіндемеде осы элементтердің әр-қайсысына белгілі бір қимылдар сәйкес келеді және осы бес түрлі жағылымдармен У-син суретшісі өз картинасын жазады. Алдымен, Инь және Ян мандаласының мазмұнымен танысайық. Инь және Ян мандаласы ақ және қара тамшыдан тұрады, ол айнала қоршаған шынайылықты суреттейді. Дәл осы мандала У-синді түсінудің кілті болып табылады. Ян, ақ - бұл аспан бастауы, Инь, қара - жер бастауы. Янь энергия береді, ал Инь энергияны қабылдап алып, сапалы жасап жаңғыртады. Аспан жаңбыр, жарық, жылу береді, ал Жер оның бәрін бойына сіңіреді және өсімдіктер, жануарлар сияқты сан алуан тіршілік түрлерін дүниеге әкеледі. У-син кескіндемесінде суретшінің мақсаты заттың сыртқы пішінін емес, мән-мағынасын көрсету. Ал, бұл үшін ол өзінің дүниетанымын қалыптастыруы қажет.
У-син кескіндемесінде санаулы ғана түстермен немесе монохромды тәсілде жұмыс істеу және қара түсті пайдалану дәстүрге айналған.
У-син кескіндемесі қағаз бетінде бірден қылқаламмен орындалатын болғандықтан, суретші озінің болашақ шығармасын алдын ала ойластырып алып және жазу үлгілеріне жаттығулар жасап бастағаны дұрыс.
Элементтер | Қозғалысы | Жазу үлгісі |
Жер (топырақ) | Қылқаламды тігінен немесе көлбеу бұрыш жасап ұстап нүктелермен және дақтармен салады
| |
Ағаш | Қылқаламды тігінен немесе көлбеу бұрыш жасап ұстап нүктеден басталып нүктемен аяқталатын түзу және қисық сызықтармен салады | |
Металл | Қылқаламның алғашқы нүктесі қағаз бетінде басталып, тез қозғалып жоғары көтеріліп жіңішкеріп аяқталады
| |
От | Қылқаламмен өте тез қозғалыс жасап екі ұшы да жіңішкеріп жазылатын қысқа жағылыммен орындалады
| |
Су | Қылқаламды қағаз бетінде әр түрлі айналдырып қозғау арқылы орындалады |
Қытай кескіндемесінің өзіне тән қалыптасқан стилі суреттің тақырыбына сәйкес иероглифтермен толықтыру және белгілі бір жазуы немесе сурет белгісі бар мөр басу. Осы қытай кескіндемесінің әдістері біздер үшін дәстүрлі емес техникаға жатады және мұнда басқа да тісілдерді аралас қолдануға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1 . Анна Эм. Китайская живопись. ООО «Харвест», 2007,Минск.
2. Вив Фостер. Китайская живопись кистью. Арт – Родник, 2007, Москва.
3. Цюй Ли Ли. Китайская каллиграфия. Арт – Родник, 2010, Москва.
Кожантаев Туленди Шакибаевич
Астана қаласы әкімдігінің
«№1 өнер мектебі» МКҚК,