» » Туған жерге туың тік!

Туған жерге туың тік!

 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  ілгерілетуге арналған ашық сабақ туралы

Мәлімет


      Аудандық "Мәңгілік  Ел" жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  ілгерілету мақсатында  №21 Д.Пахомов  атындағы  орта  мектебінің қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Н.Досумбаева  іс-шараға  ат  салыстым. 18.10.2008 ж.  күні 5-сыныпта  қазақ  әдебиеті пәнінен "Туған  жерге  туың  тік!"  атты  тақырыпта  ашық сабақ  өткіздім. Сабақтың  қысқа  мерзімді  жоспарын  құрдым. Сабақ барысында сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында "Жүректен-жүрекке" тренингін   ұйымдастырдым әрі оқушылар  бір-біріне деген  жылы лебіздерін білдірді. "Пазл" әдісімен  табиғат  көрінісі  берілген сурет қиындыларымен үш топқа бөлдім.

     І топ "Туған өлке" тобы , ІІ топ "Атақоныс" тобы , ІІІ топ  "Атамекен" тобы  деп бөле отырып, жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпты аштым. Үй тапсырмасына «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңыз әңгімесін оқуға берілген болатын. Үй тапсырмасын  пысықтау мақсатында  "БББ" кестесін және "Ыстық орындық" әдісін  қолдандым. Бағалау критерий кестесін әр оқушыға жеке-жеке тараттым. 

     Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін оқушылармен Асан қайғының әр қонысты аралап, сын айтқан  бейнежазбаны тамашалай отырып, жаңа сабаққа бағыт берілді. Жаңа сабақ туралы түсінік бердім.  

    Бейнежазбадан  көргендерін постерге түсіріп, әр топ өз құрған постерін қорғады. "Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас" деген  мақалдың мағынасын ашу үстінде "Жақтаушы" және "Даттаушы"  топ болып өз пікірлерін ортаға салды. Айтылған пікірлерге кері байланыс бере отырып, қалыптастырушы бағалаумен  бағаладым.

     Оқушылар  өз  туған  жерінің керемет  жерлерін слайд арқылы және  Асан қайғының  әр жерге баға  беруін  бейнежазба  арқылы  тамашалады. Алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра отырып, салыстыру картасын толтырды.

     Сабақ  соңында  оқушылар   кестеге жазып болған соң, оқушылар жауаптарды  өзара жұптасып оқып, талқылады. Сабаққа қатысқан оқушыларды қалыптастырушы   бағалаумен бағаладым.                           Әр оқушыдан   "Білім кемесі"  әдісі    кері  байланыс  алындыӘр  оқушы  өзінің  не  білгенін, не қиын  болғанын, не жаңалық  екенін кері байланыс парағына жазды. Бағалау  критерийіне   әр оқушы өзін-өзі бағалады. Сабақ  құрылымы жақсы құрылып, сабақтың  мақсатына жеткендігін мәлімдеймін.






Досумбаева Нургул Кадыреталиевна

№21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
Қоңыртөбе ауылы

          

21 қаңтар 2019 г. 8 915 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 929 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 773 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930