Тіл- ұлт қазынасы


Ұлттың ұлт ретінде, халық болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратын ол – тіл. Тіл халықтың ең маңызды қазыналарының бірі. Қазіргі таңда еліміздегі тіл мәселесі маңызды тақырып болып тұр, еліміз даму жолында тіл дәрежесін түсіріп алып жатқан секілді. Өзіміздің «ҚАЗАҚСТАН» деген мемлекетте қазақша сөйлеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, құрметімізді көрсетпесек, ол өзге елде дамымайды. Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан сәттен бастап Ата заңымызда қазақ тілі- мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болды, ендігі кезекте біздің міндетіміз сол мәртебені сақтау, қазақ тілінің қасиеттілігін жоғалтпай, оны дамыту. Мәселе өсіп келе жатқан ұрпақтың өзге тілді үйреніп, сөйлегенінде емес, басқа тілді білген өте жақсы, өзге тілді үйреніп, оқитын болса, сол елдің мәдениетімен таныс болады, ойы дамиды, бірақ өз тіліңді ұмытпай, оған деген құрметіңді сақтаған дұрыс. Жақында мынадай жағдайды бақыладым, қазақ баласы қазақ тобының жиынында отырып «мен қазақша түсінбеймін, орысша түсіндіріңіз» деп, ұстазына наразылығын білдіріп жатыр, міне мәселе осындай жағдайда, қазақ азаматтарының қазақша білмей, түсінбей, түсінсе де түсінбегендей кейіп танытуларында. Достарының арасында барлығы қазақ болса да туған тілімізден, Абай, Мұқағали аталарымыз жыр  жазған тілімізден ұялып, басқа тілде сөйлеп, өзге тілде әңгіме құратын азаматтарымыз жеткілікті. Билікте отырған, еліміздің бүгіні мен болашағына жауап беріп отырған ата- апаларымыздың қазақша сөйлеп білу мәнерлері тіпті күлкілі мәселе. Неліктен кейбір жастарымыз өз тілдерінен бас тартып, бір ауыз сөз қазақ тілінде сөйлей алмайды?

* Тәрбие отбасынан басталады. Құрметті ата- аналар балаларыңызға тәрбиені қазақ тілінде беріңіз, ұл- қызыңыз өз тілімен мақтанатындай дәрежеде тәрбиелеңіз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. »

* Қазақ тілінің дамуы үшін сөздер мен кейбір терминдерді аударуда қазақ тілі мамандарының сөз мағынасына, естілуіне ерекше мән берсе дұрыс болар деп есептеймін. Кейбір сөздер барлық тілдерде бірдей, мысалы «интернет», «терроризм» және т. б. сөздер, олар сол халықаралық нормада қалса, одан да басқа аударылатын сөздер баршылық.

* Жастар қауымы, біздер ел ертеңіміз, біз қазір қалай елімізге үлесімізді қосамыз, ертең еліміз солай дамиды, елімізді дамыта отырып туған тіліміз- қазақ тілін де дамытайық, туған тілімізде сөйлесейік.

* Интернет желісінде қазақша контентке көбірек көңіл бөлейік, қазақша жасалып жатқан жұмыстың сапасы мен құндылығына жұмыс жасайық.

 Ақындарымыз, жазушыларымыз, ата- бабаларымыз тіліміздің дамуын қалап, басқа елдің отарында болса да туған тілдерін ұмытпады, оны жетілдірді, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Біздер Тәуелсіз мемлекетте, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп, бақытты мемлекетте күн көре отырып өз тілімізді ұмытпайық. Ана тіліміз- қазақ тілінің мәртебесін арттыру біздің міндетіміз. Тіл- ұлт қазынасы.




    Автор: жетекшісі: Тунгатова Ұ. А,  Бердібек А. Д.                                                                                                    

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы

    Дінтану мамандығының 4 курс студенті

    Алматы қаласы

13 наурыз 2021 г. 17 039 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 051 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930