» » Тіл – халық жанын танудың кілті

Тіл – халық жанын танудың кілті

Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл.

Қай халықты алсақ та өз ана тілімен айбынды. Тілді білу арқылы біз сол халықты танимыз. Бүтін болмысымен, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Сондықтан да «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп бекер айтпаса керек-ті. Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емеспе еді?! Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін.Алайда мұны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тіліндегі әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ жастары қаншама. Кейбір мекемелерге барсаң орыс тілінде сауатты жазылған сөз қазақ тілінде мүлдем ұйқассыз аударылып, есіктерінде ілініп тұрады. Мұны көргендердің бірі езу тартып күліп, енді бірі оған мән бермейді де. Біздің қоғамның басты кемшілігі осы болар, бәлкім. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтау үшін телеарналарда, жарнамаларда қазақ тілінде жарияланар ақпараттар мол болса екен деймін. Өз тіліміздің мәртебесін асқақтар жастарымыз көп болсын!


Автор: 

Сандуғаш Тауекелова, 

№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы

19 қазан 2020 г. 6 573 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031