» » Жаңартылған білім беру мазмұны – оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас

Жаңартылған білім беру мазмұны – оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас

 2017 жылдың 28 тамызында Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясы ғимаратында облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.Бұл туралы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім үлесі» тақырыбында өткен конференцияның пленарлық отырысына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, университетіміздің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстық басқармалар басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, ғалымдар мен білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, «Өрлеу» ҰБАО филиалының өкілдері қатысты.

Конференция барысында облыстың білім беру саласының жетістіктерінен көрме ұйымдастырылып, олардың ішінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де білім беру ісіндегі үздік тәжірибелерін көпшілік назарына ұсынды. Облыс әкімі Б.Сапарбаев пленарлық мәжіліс басталмас бұрын көрмені аралап, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жас жеңімпаздарымен кездесті.

Конференция мақсаты – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру контексінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жаңартылған білім беру мазмұнына сай білім беру процесін ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік тұрғыда жетілдіру және оқу сапасын арттыру мәселелерін талқылауға арналды.

Тамыз кеңесінің пленарлық отырысын облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Умербекова «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білім беру үлесі» тақырыбындағы баяндамасымен бастап, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жолдары туралы ойымен бөлісті.

Сонымен қатар жиын кезінде аудан әкімдері, облыстық басқармалар басшылары, университет ректоры Б.Аманкелдіұлы баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар үшін 8 бағытта «Робототехника», «Цифрлі зертхана», «Өзіңе өзің механик», «Қиын есептер-оп-оңай», «Барлығымыз теңбіз!» «Ретро-модельдер трансформері», «STEM» шебер-класс-тәжірибе алаңдары ұйымдастырылды.  

    

28 тамыз 2017 г. 4 259 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 843 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 743 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930