» » Қазақстандық индустрия дамыту институты басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстандық индустрия дамыту институты басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

 Қазақстандық индустрия дамыту институты басқарма төрағасының орынбасары болып Чернооков Виктор Григорьевич тағайындалды. 

 Чернооков Виктор Григорьевич 1972 жылдың 15 наурыз күні туған.

1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін  «Инженерия» мамандығы бойынша тәмамдап, ақпараттық жүйелер бакалавры, экономика мен бизнес магистрі.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық қызметтер департаментінің басшысы, қызметтерді сүйемелдеу мен қолдау бойынш басқарушы басшы мен басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер бойынша басқарушы басшысының қызметтерін атқарды.

Виктор Григорьевич 2008-2010 жж. Қазақстан Республикасында жаңа электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту бойынша орташа мерзімді мемлекеттік бағдарламаны дайындауға қатысты. Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму бойынша министрлігінен «Үздік байланысшы» омырау белгісімен марапатталған.

2017 жылдың 30 қазанынан бастап «ҚИДИ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Виктор Чернооков Мәліметтерді өңдеу және талдау орталығы
мен «Индустрия 4.0» құзыреттерінің орталығының жұмысын және ұйымдастырып жетекшілік етеді. Қазіргі таңда «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқаратын Сабит Суханов бұрын бұл лауазымды иемденді.

*Қазақстандық индустрия дамыту институты 2010 жылы құрылды. Акционерлік қоғам көрсететін қызметтерінің негізгі бағыттары: индустриялық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, сүйемелдеу, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бағалау; басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу; өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша салалық құзіреттерді қалыптастыру және дамыту; Қазақстан өнеркәсібінің интеграциялық үдерістерін зерттеу; әлемдік өнеркәсіптік саясаттар тәжірибесінің жүйелі талдауын жүргізу; өнеркәсіптік саясаттың өңірлік аспектілерін қарастыру, инвестициялық жобаларды бағалау; аумақтық кластерлерді дамыту саясатын қалыптастыру.

 
08 қараша 2017 г. 3 347 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 251 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031