» » Мамандар бас қосқан келелі кеңес

Мамандар бас қосқан келелі кеңес

 Арай Плаза қонақ үйінің конференц залында «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының» Астана қаласындағы Бағдарламалар кеңсесінің ұйымдастыруымен ТарМУ-дың «Мелиорация, жерді баптау және қорғау», «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің республикалық оқу-әдістемелік секциясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жоғары білімнің мақсаты еңбек нарығының талаптарына жауап бере алатын, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа сапалы білім бағдарламаларын қолданғанда ғана жетуге болады. Яғни жасалатын білім беру бағдарламалары ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс беруші мекемелердің, ұжымдардың талаптарымен сәйкестендірілген болуы тиіс. Осыған орай жалпы және кәсіби құзыреттіліктер білім беру бағдарламаларының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізі бағыттарына және Болон конвенциясына сәйкес Қазақстанда 2012-2013 оқу жылында ЖОО құзыреттілікті – бағдарлы білім беруді іске асыруға және жетілдіруге бағытталған білім беру бағдарламаларының модульдік құрылымына көшті.
Аталмыш саланың мамандары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысқан шарада қаралған негізгі мәселе – оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін ЖОО-ы өкілдерімен бітіруші түлектердің біліктілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын талқылау және бекіту.
Отырысты бірінші проректор Асқар Абдуалы ашып берді. Ол өз сөзінде отырысқа қатысушыларды кеңестің бағдарламасымен таныстырып сәттілік тіледі. Жиында су ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалануды басқару саласында қызмет ететін қазіргі заман талабына сай мамандар даярлау жоғарғы оқу орындарының алдына қойылған ең негізгі мақсаттардың бірі екендігі сөз болды. Кеңейтілген отырыс екі сессия бойынша өткізілді. Бірінші сессия – білім беру бағдарламаларын жасауға арналса, екіншісі – білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жағдайын талқылауға арналды.
Кеңейтілген отырысқа қатысушылар су шаруашылығы саласында қызмет ететін қазіргі заман талабына сай мамандар даярлауда қолданылатын оқу жұмыс бағдарламасына қазіргі таңда өзекті мәселелерді қамтитын және маманның жан-жақтылығын арттыруға бағытталатын пәндерді енгізуге, оқу үдерісіне енгізілген барлық тәжірибелердің көлемін, өту орындарын және оларды игерудің әдістемелеріне өзгерістер енгізуге бірқатар ұсыныстар жасалды. Осы орайда, жұмыс берушілердің тарапынан жоғары белсенділік байқалды.
Студенттердің пәндерді игеруде олардың білімін, орындай алуын және дағдысын дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары сапасы, құрамы тек мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, әлемдік сұранысқа ие бола алатын және шетелдерде қызмет жасай алатын мамандар даярлауға бағытталуы тиіс екендігі айтылды.
Кеңейтілген отырыста бірнеше маңызды шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін жұмыс беруші салалармен келісілген, оқу-әдістемелік бірлестігімен республикалық оқу-әдістемелік секциясы ЖОО-мен біріге отырып бірдей кәсіби құзыреттілікті жасау, ЖОО-да мамандарды даярлаудың оқу үдерісіне енгізу үшін аталған мамандықтардың білім беру бағдарламаларындағы кәсіби құзыреттіліктерді 2017 жылдың соңына дейін талқылау және қабылдау.

Айнұр Жатқанбаева, «Мелиорация және агрономия» кафедрасының аға оқытушысы

08 қараша 2017 г. 1 888 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 044 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930