» » Нұр-Сұлтан қаласында жаңа білім ошағы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа білім ошағы ашылды

2020 жылы 2 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген «Intellect Primary School» білім ордасы ашылды.

Елордадағы мектептің ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, Білім жаңғырту орталығының басшысы Гүлнар Ибраева, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова, қалалық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері және Есіл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Құттымұрат Шамшиев, ата-аналар және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Шара барысында сөз алған Шолпан Қадырованың айтуынша, мектеп жетіспеушлігі мәселесі қашанда назарда. Сондықтан мемлекет бұндай игі бастамаларды қолдайтынын жеткізіп, мектеп жұмысына сәттілік тіледі.

Мектеп директоры Ғалия Балхиева өз сөзінде: «Бүгін арманымыз орындалған күн. Балалар сапалы білім, өнегелі тәрбие алсын деген ниетпен, білікті ұстаздарды жинап, мектебіміздің іргетасын қаладық. Біздің мақсатымыз - жан-жақты дамыған, интеллектуалды, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, алған білімдерін өмірде қолдануға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу»,-деді.

Ашылу салтанатында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді тәнті етті. Шара мектеп жұмысымен қонақтарды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шағын экскурсиямен жалғасын тапты.  

Мектеп 200-ден аса оқушыға шақталған. Білім ордасының негізі өткен жылы қаланып, биылғы жылы ІІІ тоқсаннан бастап алғашқы оқушыларын қабылдап, толықтай жұмысқа кіріскен.Қазіргі таңда білім ордасында 20-ға тарта білім саласында мол тәжірибесі бар ұстаздар мен жас мамандар қызметатқарады. Мектеп жұмысы таңертеңгі 8-дебасталып кешкі 5-те аяқталады. Яғни балалар түске дейін мемлекеттік стандартқа сай білім алып, түстен кейін үй тапсырмаларын орындап, үйірмелерге барады. Мектепте білім беру  орыс, қазақ тілдерінде жүзеге асырылады. Тағы ескеретін жайт, ағылшын тіліне ерекше көңіл бөлінген. Балалар аптасына шет тілін 4 рет шағын топтарда оқумен қатар, 2 рет үйірмеге де барады. Тіпті «English club» үйірмесін филиппин азаматшасы жүргізеді.  Сондай-ақ, робототехника, тоғызқұмалақ, дизайн, актерлік шеберлік, хореография, домбыра, футбол үйірмелері ұйымдастырылған. Ата-ана баланың ынтасы мен икеміне қарай таңдау жасайды.

  

 Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай. Мұнда білім алу және бала тәрбиесі үшін барлық жағдай жасалған.

  

Баспасөз хатшы: Бота Жұмабайқызы


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
03 ақпан 2020 г. 9 311 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930