» » Назарбаев Зияткерлік мектептері Абай облысы ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуде

Назарбаев Зияткерлік мектептері Абай облысы ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуде

     Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» атты облыстық семинар –практикум басталды. 2 күнге жалғасатын шараға Абай облысының білім басқармасы, қалалар мен аудандық білім бөлімдері мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысады. Негізгі мақсат – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жүйесіндегі тәжірибелерді тарату.

   - Назарбаев Зияткерлік мектептері жеке тұлғаны тәрбиелеу бағытында түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Солардың ішінде «100 ән», «100 күй», «100 кітап», «Берік отбасы», «Туған елге тағзым», «Даналық бейсенбі» сынды жобалар мен «Шаңырақ» қауымдастығының атқарып отырған жұмыстары әр оқушыны ел мен жерді сүюге, ұлттық өнер мен құндылықтарды бағалауға, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бүгінгі семинар-практикумда ұзақ жылдар бойы жинаған осы тәжірибемізбен жаңадан құрылған Абай облысының ұстаздарына бөлісеміз. Екі жақты тығыз қарым-қатынастың арқасында еліміздің келешегі жастарымызға сапалы білім ғана беріп қоймай, саналы тәрбие беретін болсақ, біздің ұтарымыз көп. Шараға қатысқан әр ұстаз өзіне қажетті, пайдалы ақпаратты меңгеріп, тәжірибеде пайдаланатынына сенімдімін,-дейді Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

            Семинар-практикум барысында білім ошағымыз бен Павлодар, Өскемен қалаларындағы Зияткерлік мектеп ұстаздарының түрлі тақырыптарда түрлі пәндермен кіріктірілген сабақтары өтеді.

- Біз тәрбие саласындағы түрлі жобаларымызды қала мектептеріне бұған дейін таныстырып, екіжақты бірлескен жұмыстар жасап жүрміз. Олармен жыл бойы бірнеше мәрте кездесіп, тәжірибе алмасамыз. Енді тәжірибе тарату аумағын кеңейтіп, ауыл мектептеріне де білгенімізбен бөлісуді қолға алдық. Семинар-парктикумге қатысуға 220-дан астам ұстаздар ниет білдірді. Біз бұл семинармен ғана тоқтап қалмаймыз. Жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіледі, -дейді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Лариса Абылқасымова.

              Семинар-практикумге қатысушылардың бірі Дархан Мамытханов. Үржар ауданы, Мақаншы ауылынан келген жас ұстаз бұл бас қосудың пайдалы екенін алға тартты.

- Әр күні жаңалыққа толы бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы ретте мектептің де рөлі ерекше. Қазір оқушыны ертеден келе жатқан дәстүрлі оқытып, тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңаша көзқарас, жаңа бағыт керек. Міне осы бағытты бүгінгі семинар-тренингтен көріп отырмын.   Оқушыны азаматтық көзқарасы қалыптасқан, ұлтжанды, патриот болып өсуіне ықпал ететін түрлі жобаларды үйреніп, өз мектебімізде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмын,-дейді Әсет Найманбай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дархан Мамытханов. 

            Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар-практикум ауыл мектебі ұстаздарының тәжірибе алмасып, тәрбие саласындағы білімдерін молайтуға септігі тиетін үлкен алаңға айналды. 

 Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 


          

14 қазан 2022 г. 3 633 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930