» » СДУ оқытушысы мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды

СДУ оқытушысы мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды

  Сулейман Демирель атындағы университет оқытушысы Фарух Машуров «Ғылым» номинациясы бойынша мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды. 9 желтоқсан күні Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Жаңа белестегі жастар» форумында жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Сулейман Демирель университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фарух Машуров 2012-2016 жылдары Сулейман Демирель университетінің Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Математика» мамандығы бойынша (бакалавр) білім алған. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Математика және математикалық модельдеу институтының «Математика» мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша магистратурасын аяқтады. 2019 жылдан бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша (PhD) докторантурада оқиды. Q1-Q3 кіретін Scopus халықаралық базасында индекстелетін журналдарда 6 жарияланымы бар.2014 жылдан бастап Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты.
«Математика және математикалық модельдеу институтында» ғылыми жұмыстармен айналысады. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СДУ-да ғылыммен және оқытушылықпен айналысып келеді.Фарух Аркиновичтің ғылыми жұмыстары ассоциативті емес алгебраның құрылымдық мәселелерін зерттеумен байланысты. Көптеген ғылыми еңбегінің нәтижесі физика мен механикадағы түрлі проблемаларды шешуге көмектескен.Фарух Машуровтың жобаларының бірі – «(Анти) коммутаторларға қатысты ерекше алгебралардың құрылымдық мәселелері». Жоба математиканың алгебра бағытына ең алғаш қазақ тілінде «Төрткен» және «Төртқара» терминдерін енгізген әйгілі академик Асқар Жұмаділдаевтың 2007 жылы жарық көрген ғылыми мақаласында аталып өткен теорияларға негізделіп, тереңірек зерттеуге бағытталды. Бұл жобаның нәтижелері теориялық сипатқа ие және математика бағытында ғана емес, физиканың көптеген ашылуында қолданысқа жарайды. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері рейтингтік журналдарда жарияланады. Бұл нәтижелер Қазақстанның ғалымдары үшін алгебра бағытын ілгерілетуге қызмет етіп, Қазақстанның атын әлемдік аренаға шығаруға септігін тигізері сөзсіз.
15 желтоксан 2022 г. 936 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 899 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930