» » Назарбаев: Біздің мұғалімдеріміз ең отансүйгіш, ең ақылды

Назарбаев: Біздің мұғалімдеріміз ең отансүйгіш, ең ақылды

 Қазақстан Республикасы президентінің теле-радио кешені мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық ұстаздарға арнаған мұрағаттық видеосындағы құттықтауын жариялады, деп хабарлайды "Edunews.kz"AA  Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Біздің мұғалімдеріміз ең отансүйгіш, ең ақылды және білімді болғандықтан ең сыншыл деп санаймын. Қазақстандық мұғалімдер отансүйгіш. Себебі, сіздер халықтың мойнына түскен ауыртпалықтар мен қиыншылықтардың ауыр жүгін көтеріп, балаларымызды игілікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке, яғни мәңгі адами құндылықтарға тәрбиеледіңіздер. Осы үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Біз бәріміз мұғалімнің тәрбиесін алғанбыз. Бәріміз өз кезінде ұстазымызды қуантып, оған жағымды нәрсе жасауды қаладық. Бұл әрдайым біздің арманымыз болды», – деді президент 2001 жылы қазақстандық мұғалімдермен кездесуде.

Айта кетейік, 1965 жылдан бастап белгіленген дәстүр бойынша Қазақстан осы кәсіби мерекені қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді. Ал биыл мұғалімдер күні 7 қазанға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы кезекті халыққа жолдауында министрлерге келесі жылы «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдауды тапсырды.

08 қазан 2018 г. 2 480 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 736 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930