Қарағандының екі университеті әлемнің ең үздік ЖОО-лары рейтингіне енді

"ҚарМТУ үшін ең үздік көрсеткіш ұстаздар мен студенттер санының ара салмағы болды. Бұл өлшемшерт бойынша ЖОО-ны әлемнің топ-250 университеттері тізіміне енді. Негізінен ЖОО ТОП-571+ кластеріне енді. Өткен жылы ҚарМТУ QS Әлемдік рейтингінде өзінің позициясын 74%-ға жақсартқан", - делінген хабарламада.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қорытынды кестеде сәл төмендеу орында болып, 651-700 кластерінде позизияда орналасып, ТОП 601+ енді.
Барлығы рейтингке 10 қазақстандық ЖОО енгізілген. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚБТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ бар.
Айта кетейік, QS рейтингі – әлемдегі ең ықпалдылардың бірі. Оны құрастырушылар ЖОО жұмыстарын келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды: академиялық ортадағы беделі, университет өкілдерінің ғылыми жарияланымдарының дәйексөзділігі, ұстаздар мен студенттер санының ара салмағы, жұмыс берушілердің түлектерге қатырм-қатынасы және шет елдік ұстаздар мен студенттердің салыстырмалы саны. Бұл көрсеткіштердің барлығын сарапшылар бес жыл аралығында қадағалайды.