» » Жамбылдықтар көрнекті жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасуда

Жамбылдықтар көрнекті жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасуда

Бүгін Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында қазақтың перзенті, халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның рухына гүл қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Қоштасуға келген дүйім жұртшылық еріксіз көзге жас алып, жазушының рухына  тағызым етті.

Қазақтың біртуар азаматы өмір жолын “Лениншіл Жас”, “Социалистік Қазақстан” сынды газеттердің тілшісі болып бастап, тап осы газеттердің редакторлық қызметіне дейін тағайындалған. Тәуелсіздік жылдары халық қалаулысы ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты да болып қызмет атқарған.

Қаралы митингке келген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сансызбай Жорабеков ел азаматының игі істерін еске алып, шер тарқатты.

Жазушының өлімі барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны рас. “Жақсының аты өлмейді” демекші, Шерхан Мұртазаның есімі мәңгі ел есінде. Өшпес мұрасы халықтың жүрегінде қала бермек…

11 қазан 2018 г. 294 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031