» » ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» жеңімпаздары анықталды

ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» жеңімпаздары анықталды

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11-қазанында дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі негізінде ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өтті. Бұл туралы "Edunews.kz" AA хабарлайды.

Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына  31  оқушы қатысты.

Байқауда «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ал «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. 

Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

Оқулардың қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Хауметқали Айкерім иеленді. І дәрежелі дипломымен Ақсу қаласы Қалқаман орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жүнісхан Айтолған марапатталды. ІІ дәрежелі дипломына Аққулы ауданы Тілектес орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хайратбек Мақпал, Шарбақты ауданы Есілбай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қайкен Айдана ие болды. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының  8 сынып оқушысы Жанибек Жансая, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан және Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Тыныбек Қазына.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен оқулар жеңімпазын дайындаған Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеу Каукер марапатталды.

«Ертіс  дарыны» орталығының Құрмет грамотасын жеңіске деген жігерлігі үшін Ақтоғай ауданы Естай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Егінбай Айымгүл, Успен ауданы Қаратай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құнанбай Жайдар, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Лангольф Дарья, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Соколова Екатерина, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Құрбан Арай және Павлодар қаласы №37 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымхан Алуа иеленді.

11 қазан 2018 г. 3 302 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 959 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031