» » Бахрейн Астанадағы мектеп құрылысын қаржыландыруға дайын

Бахрейн Астанадағы мектеп құрылысын қаржыландыруға дайын

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн Ханзадасының атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Baq.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар келіссөздер жүргізудің қорытындысында Астанада білім объектісінің құрылысын салуға уағдаласты. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Жоғары шенді қонақтар болашақта салынатын ғимарат Астананы ерекше архитектурамен толықтыра түсетініне сенімді.
«Екі ғимарат бірдей болмайды. Әрқайсысы әр түрлі, бірақ екеуіне ортақ тамаша көріністер көрініп тұрады. Бұл екі мемлекетті жақындастыра түсетін факторладың бірі болмақ. Біздің елдерде ұқсастықтар көп. Мәселен, қонақжайлылығымыз, мұнайлы ел болуымыз тіпті Тәуелсіздік күндерімізге дейін ұқсайды», - деді Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы.

12 қазан 2018 г. 1 696 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 20 719 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 530 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031