» » Ата-аналар мектепте баласының қандай тамақ ішкенін біліп отырады

Ата-аналар мектепте баласының қандай тамақ ішкенін біліп отырады

Елорда мектептерінде оқушылардың асханадағы тамақ үшін төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізуде, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин баспасөз мәслихатында айтты.

Басқармадан мәлім етілгеніндей, қолма-қол ақшасыз төлем асханалардағы ұзын-сонар кезектің мәселесін шешеді. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, пилоттық жоба осыдан бірнеше апта бұрын қаладағы № 27, 54, 59 мектепте енгізілген. Аталмыш жобаны басқа мектептерге де қолдану мәселесі екінші тоқсанда шешілетін болады.

 «Біз бұл амалды LRT карточкалары арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Astra Plat карточкаларындағы балансты ата-аналар терминал немесе онлайн жүйе арқылы толтырады. Міне, осылайша, ата-аналар балаларының қанша ақшаны қайда жұмсап отырғанын бақылап отыра алады. Баланс карточкадан алынған кезде ата-аналарға хабарлама келіп тұрады. Бұл бәріне де ата-аналар мен оқушылар үшін де, мектеп үшін де аса ыңғайлы», - дейді басқарма басшысы.

Қалалық білім басқармасынан хабарланғандай, жаңа оқу жылынан бастап елордадағы 85 мектепте тамақтандыру желісі іске қосылған. Тегін ыстық тамақ 5-11 сынып аралығындағы 76 мың бастауыш сыныптың оқушылары мен 1,2 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілуде. Бір реттік тамақтанудың бағасы 338 теңге. Демеушілердің есебінен 620 балаға тегін тамақ берілуде.

Әлеуметтік аз қамтылған санатқа жатпайтын балалар үшін мектепте тамақ ақылы жолмен беріледі.  
15 қазан 2018 г. 2 054 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 851 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 745 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930