» » Оралда 7 мектеп салынады

Оралда 7 мектеп салынады

 Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында Мемлекет басшысы үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында атқарылар іс аз емес. Өңірде 3 ауысымда оқытатын 5 мектеп болса, 5 оқу орнының шәкірттері тозығы жеткен ғимаратта тәлім алуда. Күні бүгін Казталов және Ақжайық аудандарындағы 2 мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Ал 7 білім ошағының құрылысына қажетті қаржы мөлшері есептеліп жатыр. Олардың барлығы да облыс орталығында бой көтермек.

Аяжан Жүнісова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

 - Халықтың тығыз қоныстануына және демографиялық жағдайға байланысты үш ауысымдағы мектептердің басым бөлігі Зашаған кентінде. Олар – №10, 47, 20, 18 мектептер. Сол мәселені шешу үшін Зашаған ауылында №51, 52, 53 жаңа мектептер салу жоспарланып отыр. Олардың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. 


16 қазан 2018 г. 1 446 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 222 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031