» » ОҚМУ түлектері жұмыспен қамтылуда

ОҚМУ түлектері жұмыспен қамтылуда

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жас маман – 2019» атты бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі "bilimdinews.kz" порталына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға өңірдегі жұмыс беруші көптеген мекемелердің басшылары, олардың арнайы өкілдері, университеттің бітіруші түлектері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиынды ашқан университет ректоры Дария Қожамжарова:

- «Біз бүгін тағы да бір тарихи күннің куәсі болып отырмыз. Жүсіп Баласағұнның: «Әр бала – жұлдыз. Жарқырауына жәрдем ет» деген даналық сөзі бар. Адамның жас кезінде бойына сіңірген білімі мен ғылымы – келешекте барлық игілік пен байлықтың, бақыт пен берекенің, дәулеттің қайнар көзі болмақ. Бүгінгі біздің жұмыс берушілеріміз 4 жыл бойына алған білімін болашақта еліміздің дамуы үшін аянбай тер төгуге жұмсайтын мамандарды таңдап, олардың саналы азамат болып қалыптасуына себепкер болмақ» – деп жәрмеңкенің салтанатты ашылуымен құттықтап, университеттің соңғы уақыттарда жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Университетте оқу-ғылым-тәрбие үрдісін толығымен автоматтандырылған және цифрланған деңгейге көшіру, қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін болдырмау, білім беру сапасын арттыру мақсатында «SMART SQUARE» студенттерге қызмет орталығы жұмыс жасайды. Орталық бүгінгі таңда қызметтің 200 түрі бойынша бір жұмыс күнінде 700-ге дейін студенттерді қабылдай алады.

Университет QS World University Rankings рейтнигісі бойынша 480 орынды иеленіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 33 позицияға көтерілді.  Ал, Еуропаның және Орталық Азияның дамушы елдерінің үздік университеттерінің  QS халықаралық рейтингісінде ЖОО 305 университет арасында 99 орынды иеленді.

Университет өзінің 75 жылдық тарихында сан мыңдаған түлектерді ұясынан ұшырды. Бүгінде түлектер еліміздің түкпір-түкірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Олардың арасында елімізге ғана емес, әлемге танылған тұлғалар да, ел басқарған басшылар да, Қазақтың намысын қорған батырлар да, өнерімен биікке жеткен жұлдыздар да бар.

Бүгінгі таңда университетте студенттер 95 бакалавриат, 59 магистратура және 19 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. Биылғы оқу жылында 4206 жас маман оқу орнын аяқтап, жаңа өмірге қадам басады деп күтілуде.

Университеттің бітіруші түлектері өздерінің дарынды қабілеттерінің арқасында қазірдің өзінде-ақ жұмысқа табысты орналасып үлгерді. «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Сапарбек Бексұлтан «Түркістан облысы прокурорының кубогын» жеңіп алып, аталған облыстың прокуратура органына жұмысқа орналасуға жолдама алса, энергетика, механика, агрономия, автоматтандыру салалары бойынша 57 жас маман өңіріміздегі өндіріс орындарында жұмыс жасамақ.

Іс-шара аясында 20-дан астам ірі мекемелердің бірінші басшыларына, 200-ге жуық арнайы өкілдеріне университет ректорының алғыс хаты табысталып, екі-жақты әріптестік келісім-шарттарға қол қойылды. Жәрмеңке нәтижесінде жұмыс берушілер бітіруші жас мамандардың 20 пайызға жуығын өз мекемелеріне жұмысқа шақырды.


Автор:


Ерғали ҚАПАЛОВ,


Дереккөз: bilimdinews.kz.
04 мамыр 2019 г. 2 281 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 091 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 832 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930