» » "Оқушылар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?"

"Оқушылар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?"

2019 жылдың 13 - мамыр мен 24 - мамыр аралығында Шымкент қаласындағы №42 жалпы орта мектеп базасында, Төлеби және Түлкібас аудандарынан келген информатика пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Сугирова Бану Асеткызы курс барысында информатика пәнін жаңартылған білім мазмұнда оқыту бойынша түрлі дәріс-тренингтер, педагогикалық әдіс-тәсілдер, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде, оқытуды критериалды бағалау жүйесін қолдануды, түрлі тиімді оқытудың стратегияларымен таныстырды.

Білім берудің басты бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың компьютерлік дағдылар мен  құзіреттіліктерді меңгеруі, бір жағынан, уақыт талабы болса, екінші жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін оқытудың тиімді құралы ретінде қолданылып, әртүрлі білім беру салаларымен байланыстыруға арналған ресурстар мен техникалық құралдар ұсынуына байланысты болып отыр.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында "Оқушылар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?" және "Оқытудың тиімді әдістері қандай?" деген сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдадрламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы сауал бойынша  топ арасында қызу пікірталас жұмыстары жүргізіліп, әр тыңдаушының жеке пікірлері тыңдалып, талқыланды.

Курста жүргізілген ықшам сабақтарда тыңдаушылар өзінің іс-тәжірибелерінде кездескен түрлі мәселелерінің  шешу жолдарын табуға мүмкіндік алдық.

Курс барысында  оқудың практикалық бағыты өте ұнады, әсіресе жан-жақты сұрақтарымызға өзінің білімділігімен, тәжірибесімен бөлісе отырып, жауап берген тренеріміз Бану Асетқызына және осындай курстарды ұйымдастырып отырған "Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалы ОҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  ұжымына үлкен алғысымызды  білдіреміз.


Автор: Адамбек Гүлжайна

Жаңаталап ШЖЖОМ-ның информатика пәні мұғалімі 

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
23 желтоксан 2019 г. 12 482 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 993 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930