» » Авиациялық қауіпсіздік

Авиациялық қауіпсіздік

Жуырда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Д. Еспотановтың атынан әуежайлардың жанында әуе кемелерінің бортына лазерлік шабуылдарға жол бермеу жөніндегі қауіпсіздік шараларды күшейту жөнінде Көліктегі ПД сұраныс хат келіп түскен.

 Осыған орай Тараз станциясындағы желілік полиция бөліміне қарасты Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесімен кездесу ұйымдастырылып, кездесуге  Жамбыл облысы ҰҚКД-нің өкілдері және Тараз қаласы «Әулие-ата» халықаралық әуежайының авиация қауіпсіздік қызметі қатысып, аталған тақырыпқа сәйкес әуежай аймағында орналасқан қатер төндіретін  тасымалданатын зениттік ракеталық кешенді және басқа қару-жарақтарды (құрылғыларды) пайдаланумен әуе кемелеріне ықтимал шабуыл жасауларды азайтатын  жерде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында, жоғары қауіпі бар аймақтарға аса назар аударуы керектігі айтылып пысықталды және әуежай маңында тұрғылықты мекен-жай тұрғындарымен кездесу өткізіліп әуе кемелерінің бортына ұшу немесе қону кезінде лазерлік шабуылдарының салдарынан қауіпті жағдайға алып келетіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Тараз ст. ЖПБ

Тараз қ. әуежайындағы желілік полиция         

бөлімшесінің бастығы

полиция майоры Н. Тойланбаев

29 маусым 2021 г. 30 089 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 606 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930