» » Ауыл мектептері оқушыларына алғашқы қоңырау Гарвард пен Кэмбриджден соғылады

Ауыл мектептері оқушыларына алғашқы қоңырау Гарвард пен Кэмбриджден соғылады

 2017 ж. 2 қыркүйекте елімізде тұңғыш рет Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы #OnlineBell халықаралық ынталандыру шеберлік дәрісі өтеді.Бұл туралы БҒМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Ұйымдастырушы: Жамбыл облысының білім басқармасы. Қолдаушылар: Назарбаев зияткерлік мектебі (НЗМ, Тараз қ.), №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (Астана қ.), ҚР Білім және ғылым министрлігі. Интерактивті дәріс аясында Harvard, MIT (АҚШ) пен Cambridge (Ұлыбритания) сияқты әлемдегі аса беделді университеттерде оқып жатқан қазақстандықтармен тікелей бейне-қосылым орнатылады. Тыңдаушылар – Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін ауылдық мектептердің және дарынды балаларға арналған білім мекемелерінің жоғары сынып оқушылары. Мақсат: оқушылар мен табысты тұлғалар арасында менталды байланыс орнату, ауыл жеткіншектерін белді отандастарын үлгі ете отырып, өмірлік жетістіктерге ынталандыру.

Онлайн-қосылымда сөз алатындар: Қаныш Тілеушин (MBA, Massachusets Institute of Technology), Шыңғыс Мұкан (Harvard Kennedy School), Әсет Әбдуәлиев (Harvard Kennedy School), Кэмбридж университенінен: Нәзипа Аюбаева, Гүлмира Қанаева. Дәріске модератор болатын белгілі журналист-публицист, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендия иегері  Қанат Әуесбай. Спикерлер табысты болудың жеке тәжірибесі, тұлғалық қалыптасудағы сапалы білім алудың маңыздылығы, өмірлік приоритеттер мен құндылықтар, мақсаткерлік қасиет және т.б. турасында сөйлейтін болады. Дәріс соңында мәртебелі меймандар жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырауды Гарвард, MIT мен Кэмбриджден соғып, оқушыларға білім жолында сәттілік тілейді.

Қазақстанда онлайн-дәріс Астанадағы №82 «Дарын» лицейі мен Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді.

Тараздағы өту орны: Назарбаев зияткерлік мектебі, Домалақ ана көшесі, 266.

Астанадағы өту орны: №82 мамандандырылған №82 «Дарын» лицейі, Ұлы дала даңғылы, 27/2.

Уақыты:  02.09. 2017 ж., Астана уақытымен сағ. 14.00

Таразда байланысу үшін Жәмиля Бекбатырова, білім басқармасы басшысының орынбасары, +77026869761.

Астанада байланысу үшін: Ләззат Тәжденқызы, «Дарын» лицейі директорының орынбасары, +77052447647.

31 тамыз 2017 г. 3 956 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930