» » Баланың дұрыс білім алуы ата-анасы мен ұстазына байланысты - Сапарбаев

Баланың дұрыс білім алуы ата-анасы мен ұстазына байланысты - Сапарбаев

 Ақтөбеде облысында 8 мектеп пайдалануға берілді. Білім күні 16 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш аттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  Ақтөбе облысында барлығы 25 мектептің құрылысы жүріп, жаңа оқу жылында 8 мектеп пайдалануға берілді. Оның үшеуі облыс орталығында, өзгесі аудан, ауылда. Міржақып Дулатов атындағы орта мектептің алқашқы қоңыру салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев елдің болашағы білімді ұрпақта екенін баса айтты. «Әрбір халықтың болашағы ұрпағының білімі, ілімі, тәрбиесі, мәдениетіне байланысты. Сондықтан әрбір мемлекет өз болашағы үшін білімге үлкен көңіл бөледі. Біз компьютер, интернет дегенді білмедік. Ол кезде балаларымыз шетелдің ең мықты жоғары оқу орындарында білім алады, мектептердегі әдістемелер дүниежүзілік стандартқа сай дайындалады, әрбір өңірде маман талабына сай зияткерлік мектеп ашылады, Қазақстанда әлемнің үздік профессорлары дәріс оқитын жоғары оқу орны болады деп ойламадық. Қазір барлық мүмкіндік бар. Тек шаршамай, жалықпай жақсы білім алу керек. Қазір әр күн, әрбір сағат қымбат. Балалардың білім алуы ата-аналарына байланысты. Егер ата-ана баласының, қоғамның алдындағы жауапкершілігін толық орындаса баласы білімді, тәрбиелі болады. Екіншіден, ұстазға байланысты. Ұстаз жан-жақты білім беруі керек. Кітапта жазылғанды бала өзі оқып алады, ұстаз оның ойын дамытуы керек»,- деді өңір басшысы Б.Сапарбаев.   Жаңа мектепте бүгін «Мен елімнің патриотымын», «Менің Отаным - Қазақстан» атты тәрбие сағаттары өтті. Мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа Ұлттық қордан 673 миллион теңге бөлініп, игерілді. Мұнда физика, химия пәндеріне арналған арнайы лаборатория бар. Спорт зал мен мәжіліс залы да қарастырылған. «Құрылыс жұмыстары кезінде сахна өте үлкен болды. Жоба бойынша 4 гримдеу бөлмесі жасалған екен. Мектеп үшін маңыздысы - сахна мен көрермен залы. Кейін өзгертіп, көрермен залының аумағы кеңейтілді»,- деді Бердібек Сапарбаев. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде 16 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды. 


02 қыркүйек 2017 г. 2 636 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 224 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 612 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031