8 жасар оқушы мектеп ауласында жер астына түсіп кетті
Түмен облысында сегіз жасар ер бала мектеп аумағында жер астына түсіп кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Викуловский ауданына қарасты Викулово ауылында болған. Жергілікті мектепте оқитын оқушыларлың бірі жер астына түсіп кеткен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері іздеу жұмыстары барысында 8 жасар баланың денесін тапты.
Баланың өліміне қатысты РФ ҚК 109-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Түмен облысы губернаторының бапасөз қызметінен нақтылағандай, мектеп оқушылары мен қызметкерлері бірі қалмай эвакуацияланған. Оқиға орны қоршауға алынды, құрылыс басқармасының мамандары қажетті апатты-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Губернатордың баспасөз қызметінен мәлімдегендей, осы оқиғадан кейін облыс билігі барлық білім беру мекемелерін тексереді. Ал оқыс оқиға болған мектеп дүйсенбі, 18 қыркүйекке дейін жабылған.