» » Азғындық жасады деп айыпталған мұғалімді ақтап қол жинаған ауыл тұрғындары биліктен көмек сұрайды

Азғындық жасады деп айыпталған мұғалімді ақтап қол жинаған ауыл тұрғындары биліктен көмек сұрайды

 Қызылорда облысы Белқөл ауылының тұрғындары Бас прокуратура мен Жоғарғы соттан мектеп мұғалімі Ақпар Исахаевтың тағдырын шешуді сұрады.Жергілікті мектеп мұғалімі Ақпар Исахаев сәуір айында ұсталып, екі оқушыға азғындық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп жазады bnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып, stan.kz.

Ауыл тұрғындары қол жинап, Бас прокуратурадан мәселені шешуді сұрайды. Олардың айтуынша, бұрын ешқандай жамандық жасамаған, ешкіммен ұрыспаған, жаман қырымен көрінбеген адамның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес. Оның үстіне жәбірленуші оқушының бірі сотта жауап беруден бас тартқан. Бұрын ол оқушы айыпталушы ұятты жерімді ұстады деген болатын.

«Сот бір ғана жәбірленшінің жауап беруі бойынша үкім шығарды. Бұл іс бойынша бүкіл сынып оқушыларынан жауап алынған. Олардың ешбірі жәбірленушінің сөзін құптамаған», – дейді адвокат Жасұлан Таңатаров.

Белкөл тұрғындары биліктен бұл істі қайта қарауды сұрайды.

«Ол 55 жастағы ер адам. Оның жақсы отағасы екенін бәрі біледі. Әйелі де мектепте жұмыс істейді. Олар жайлы ешкім жаман айтпайды. Исахановтың ондай іске баруы мүмкін емес. Ауыл тұрғындары мұғалімге жақтас», – дейді тұрғындар.

04 қараша 2017 г. 6 520 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 235 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031