» » ШҚО-да сыныптың төбесі құлап, төрт бірдей оқушыны басып қалды

ШҚО-да сыныптың төбесі құлап, төрт бірдей оқушыны басып қалды

 Шығыс Қазақстан облысында тура сабақ кезінде сыныптың төбесі опырылып түсіп, төрт оқушыны басып қалды. Қиранды астында жаншылып қалған оқушылардың үшеуінің жағдайы аса ауыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал төртінші оқушының қолы қатты жарақаттанған. Балаларының қиранды астында қалғанын естіп, жанұшырған ата-ана бұл жағдайға мектеп директорын кінәлауда. Себебі, әбден тозған мектептің қауіпті екенін басшылық оқу жылы басталғанда-ақ білген көрінеді.

Усть-Таловка елдімекенінде болған бұл жайт бәрін алаңдаттырып қойды. Абырой болғанда, сыныптың төбесі үзіліс кезінде опырылған. Нәтижесінде сыртта жүрген қалған отыз оқушы дін-аман қалды. Ал сыныпта қалған төрт оқушының үшеуі жансақтау бөліміне түскен.

Өлім аузында жатқан балалардың ата-аналары мектеп басшылығын сотқа бермекші.

"Жағдайды ести сала, мектепке ұшып келдім. Ұлымды жедел-жәрдем әкеткелі жатқанды көріп қалдым. Бәрін дәкемен таңып тастапты. Ал ұлымның мойнында корсет тұрды. Мұны бұлай қалдырмаймын. Кінәлілер жазасын алуы тиіс", - дейді зардап шеккен оқушының әкесі Икрам Абдукаппаров.

Зардап шеккендер үшінші сыныпта оқиды. Олардан бөлек сыныпта болған мұғалім төбе опырылғанда дереу шегініп үлгерген.

Мектеп басшысы болса, қаңтарда ғана қызметке тұрғанын алға тартты. Мектептің ескіргенін білмедім деп ақталуда.

"Мен жұмыс істегелі күрделі жөндеу жұмыстарын өткен жоқ. Бірақ, оны осы жақында жасаймыз деп отырмыз. Келесі жылы есік-терезелерді ауыстырып, бастауыш сынып отыратын бөлікті реттейміз", - дейді мектеп директоры Рустам Найманбаев.

Ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтуда.

"Балалардың жағдайы ауыр. Қолдан келген ем-домды жасадық. Үшеуі де ми жарақатын алған. Енді тек күту ғана қалды әрі қарай ағзалары күреседі жарақаттармен", - дейді аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Хвостопятова.

20 қараша 2017 г. 2 150 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 590 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930