Қызылорда облысының 7 мыңға жуық түлегі жоғары оқу орындарына оқуға түсті

2018 жылы Қызылорда облысының 7 мыңға жуық түлегі жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті.
Мемлекеттік грант иегерлері 57,6%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда грант иегерлерінің саны 509-ға артты, яғни 2733 түлек мемлекеттік гранттарға ие болды. Олардың 823-і "Серпін" бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.
Талапкерлердің 45,2% - техникалық, 25,4% - педагогикалық, 7,5% - медицина, 10,3% - ауылшаруашылық мамандықтарын таңдаса, 11,3% басқа салалар бойынша білім алады.